"Экономиканы монополиясыздандыру жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 22 наурыздағы № 57-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 сәуірдегі № 72-ө өкімі

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 9 сәуірдегі № 72-ө өкімі

      "Экономиканы монополиясыздандыру жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 22 наурыздағы № 57-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Экономиканы монополиясыздандыру жөнінде комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі";

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрі" деген жол алып тасталсын.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов