Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Отандық кәсіпкерлер кеңесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 7 ақпандағы № 24-ө өкімі

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:

      1. Осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Отандық кәсіпкерлер кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.

      2. Осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес Кеңес туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 7 ақпандағы
№ 24-ө өкіміне
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Отандық кәсіпкерлер кеңесінің құрамы

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (келісу бойынша)

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы" қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақстан құс өсірушілер одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақстан сүт одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақстан Республикасының жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақстанның астық одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақстан химия өнеркәсібі одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақстан фермерлерінің қауымдастығы" қауымдастық түріндегі жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақстан құрылысшылар одағы" республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

      "Қазақстандық автобизнес қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақстан Республикасы халықаралық автомобиль тасымалдаушылары одағы" (ҚазАТО) одақ нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығы" қауымдастық түріндегі заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақстан ет одағы" жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақстан кәбілдік өнімдер одағы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақстан Республикасының қоғамдық тамақтандыру қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

      "Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақстандық IT-компаниялар қауымдастығы" қауымдастық түріндегі заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

      "Ұлттық денсаулық сақтау палатасы" жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

      "KazEnergy" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры (келісу бойынша)

      "Kazlogistics" көліктік және логистикалық ұйымдар мен қауымдастықтар одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

      "Еуразиялық медициналық қауымдастық" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақстан туристік қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

      Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақстан машина жасаушылар одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақстандық цемент және бетон өндірушілер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақстан қаптамашылары қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

      "KAZХИМИЯ химия өнеркәсібі қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

      "Қазақстанның мұнай сервисі компанияларының одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 7 ақпандағы
№ 24-ө өкіміне
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Отандық кәсіпкерлер кеңесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Отандық кәсіпкерлер кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

      4. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына екі реттен сиретпей өткізіледі.

      5. Жұмыс органы айқындалған күн тәртібін ескере отырып, Кеңес отырысына оның мүшелерін және кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерін (келісу бойынша) шақырады.

2-тарау. Кеңестің негізгі міндеттері

      6. Кеңестің міндеттері:

      1) мына:

      Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы;

      Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік мәселелері бойынша заңнамасын жетілдіру;

      нарықтық экономиканы дамытуды және ел экономикасына отандық инвестициялар тартуды ынталандыратын жағдайлар жасау;

      іскерлік және инвестициялық ахуалды бағалау және жақсарту мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар тұжырымдау;

      2) кәсіпкерлік және инвестициялық саясат саласындағы өзге де мәселелерді қарау және талқылау болып табылады.

3-тарау. Кеңес қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі

      7. Кеңестің қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.