"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:
1. Осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Отандық кәсіпкерлер кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.
2. Осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес Кеңес туралы ереже бекітілсін.
| Премьер-Министр | Ә. Смайылов |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 7 ақпандағы № 24-ө өкіміне 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Отандық кәсіпкерлер кеңесінің құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 20.07.2026 № 117-ө өкімімен.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
Қазақстан Республикасының Көлік министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (келісу бойынша)
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)
"Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша)
"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы (келісу бойынша)
"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша).
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 7 ақпандағы № 24-ө өкіміне 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Отандық кәсіпкерлер кеңесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Отандық кәсіпкерлер кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
4. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен сиретпей өткізіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 20.07.2026 № 117-ө өкімімен.5. Жұмыс органы айқындалған күн тәртібін ескере отырып, Кеңес отырысына оның мүшелерін және кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерін (келісу бойынша) шақырады.
2-тарау. Кеңестің негізгі міндеттері
6. Кеңестің міндеттері:
1) мына:
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы;
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік мәселелері бойынша заңнамасын жетілдіру;
нарықтық экономиканы дамытуды және ел экономикасына отандық инвестициялар тартуды ынталандыратын жағдайлар жасау;
іскерлік және инвестициялық ахуалды бағалау және жақсарту мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар тұжырымдау;
2) кәсіпкерлік және инвестициялық саясат саласындағы өзге де мәселелерді қарау және талқылау болып табылады.
3-тарау. Кеңес қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі
7. Кеңес қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 19.10.2023 № 162-ө өкімімен.