1. Қоса беріліп отырған Бала туған сәттен бастап проактивті форматта мемлекеттік қызметтер көрсетуді көздейтін мүмкіндіктері шектеулі бала мен оның отбасын дамытуды іске асыру жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Жоспардың орындалуына жауапты орталық атқарушы органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша):
1) Жоспарды іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын;
2) жартыжылдық негізде 1 шілдеге және 20 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын;
3) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жартыжылдық негізде 15 шілдеге және 5 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жыл сайын 25 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жоспары туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
Премьер-Министр | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 30 қазандағы № 178-ө өкімімен бекітілген |
Бала туған сәттен бастап проактивті форматта мемлекеттік кызметтер көрсетуді көздейтін мүмкіндіктері шектеулі бала мен онын отбасын дамытуды іске асыру жоспары
Р/с № | Іс-шаралардың атауы | Орындауға жауаптылар | Орындау мерзімі | Аяқтау нысаны |
---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Бала туған кездегі рәсімдер | ||||
1 | Баланың тууын тіркеу | |||
1.1. |
Азамат ұсынатын СМС-хабарламалар санын 1-ге дейін қысқартып және мемлекеттік органдардын ақпараттық жүйелерінен талап етілегін мәліметтерді ала отырып, мүмкіндіктері шектеулі баланың тууын проактивті тіркеу процесін жетілдіру бойынша БҚТЕ әзірлеу және бекіту: | ЦДИАӨМ, Әділетмині. ДСМ, Енбекмині, Каржымині БҒМ, СЖРА ҰСБ (келісу бойынша) | 2021 жылғы казан | бекітілген БҚТЕ (егжей-тегжейлі бизнес-процесс) |
1.2. | 1.1-тармаққа сәйкес БҚТЕ-ға сәйкес проактивті көрсетілетін қызметті пысықтау | ЦДИАӨМ, Әділетмині, ДСМ, Еңбекмині, Қаржымині, БҒМ, СЖРА ҰСБ (келісу бойынша) | 2021 жылғы қараша | тестілеу хаттамасы |
1.3. | Туған баланы тіркеу бойынша пысықталған проактивті көрсетілетін қызметті өнеркәсіптік пайдалануға қабылдау | ЦДИАӨМ, Әділетмині, ДСМ, Еңбекмині, Қаржымині, БҒМ, СЖРА ҰСБ (келісу бойынша) | 2021 жылғы желтоқсан | пайдалануға қабылдау актісі |
1.4. | Статистика органдарына туу туралы қағаз акт жазбалары мен медициналық куәліктерді беруді тоқтату | СЖРА ҰСБ (келісу бойынша), Әділетмині | 2021 жылғы желтоқсан | бірлескен бұйрық |
1.5. | Туған баланы тіркеу бойынша проактивті қызмет көрсетудің оңтайландырылған процесі туралы халықты хабардар ету | ЦДИАӨМ | 2021 жылғы желтоқсан | баспасөз хабарламасы |
2 | Бала туу бойынша жәрдемақы | |||
2.1 | СМС-хабарламаларды қысқарта отырып, бизнес-процестерді оңтайландыру бөлігінде "Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау" жэне "Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау" проактивті көрсетілетін қызметгерінің реинжинирингі | Еңбекмині, ЦДИАӨМ | 2021 жылғы қараша | тестілеу хаттамасы |
2.2 | "Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау" және "Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау" проактивті қызметтерін көрсетудің оңтайландырылған процесі туралы халықты хабардар ету | Еңбекмині, ЦДИАӨМ | 2021 жылғы қараша | баспасөз хабарламасы |
3 | Балабақшаға кезекке қою және бөлу | |||
3.1 | Балаларға мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру және кезектіліктің бірыңғай базасын құру үшін ҰБДБ кіші жүйесінде БҚТЕ әзірлеу және бекіту (ЖТ МДҚ-да баланың тууы туралы актілік жазбадан кейін) | БҒМ, Әділетмині, ЦДИАӨМ | 2022 жылғы сәуір | бекітілген БҚТЕ (егжей-тегжейлі бизнес-процесс) |
3.2 | ҰБДБ кіші жүйесінде балаларға мектепке дейінгі ұйымдарға кезектіліктің және жолдама берудің бірыңғай базасын құру | БҒМ, Әділетмині | 2022 жылғы шілде | тестілеу хаттамасы |
3.3 | Кезектіліктің бірыңғай базасын өнеркәсіптік пайдалануға қабылдау және ҰБДБ кіші жүйесінде мектепке дейінгі ұйымдарға балаларға жолдама беру | БҒМ, Әділетмині ЦДИАӨМ | 2022 жылғы қазан | пайдалануға қабылдау актісі |
3.4 | Кезектіліктің бірыңғай базасын құру және мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру үшін жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау | БҒМ, ЖАО | 2022 жылғы қазан | БҒМ мен ЖАО келісімдері |
3.5 | Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезекке қоюдың және жолдама берудің оңтайландырылған процесі туралы халықты хабардар ету | БҒМ, ЖАО ЦДИАӨМ | 2022 жылғы қазаннан бастап | баспасөз хабарламасы |
Бала туғаннан кейінгі рәсімдер | ||||
4 | Мүгедектікті белгілеуге байланысты қызметтер көрсету | |||
4.1 | Пилоттық режимде "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсетудің сырттай проактивті нысанын енгізу | Еңбекмині, ДСМ, БҒМ, ЦДИАӨМ | 2021 жылғы қазан | тестілеу хаттамасы |
4.2 |
"Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді проактивті көрсету бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу: | Еңбекмині | 2022 жылғы қаңтар | бұйрықты бекіту |
4.3 |
Мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсетуді іске асыру: | Еңбекмині | 2022 жылғы ақпан | демонстрация хаттамасы |
4.4 | СМС-хабарламаларды қысқарта отырып, бизнес-процестерді оңтайландыру бөлігінде "Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау" проактивті көрсетілетін қызметінің реинжинирингі | Еңбекмині, ЦДИАӨМ | 2021 жылғы қазан | демонстрация хаттамасы |
4.5 | Мүгедектікті белгілеуге байланысты проактивті қызметтер көрсету мақсатында өзара іс-қимыл жасайтын Еңбекмині ақпараттық жүйелерін жаңғырту бойынша БҚТЕ-ге өзгерістер енгізу | Еңбекмині | 2021 жылғы қараша | БҚТЕ |
4.6 |
СМС-хабарламаларды қысқарта отырып, бизнес-процестерді оңтайландыру бөлігінде мүгедектерді оңалту бойынша проактивті қызметтердің реинжинирингі: | Еңбекмині, ЦДИАӨМ | 2021 жылғы қараша | демонстрация хаттамасы |
4.7 | Проактивті форматта "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін іске асыру бойынша БҚТЕ әзірлеу және бекіту | Еңбекмині, ЦДИАӨМ | 2022 жылғы 2-тоқсан | БҚТЕ |
4.8 | 4.7-тармаққа сәйкес БҚТЕ бойынша "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" проактивті көрсетілетін қызметін іске асыру | Еңбекмині, ЦДИАӨМ | 2022 жылғы 3-тоқсан | демонстрация хаттамасы |
4.9 | Көрсетілетін қызметтерді проактивті форматқа ауыстыру бөлігінде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер енгізу | ЦДИАӨМ, Еңбекмині | 2022 жылғы 3-тоқсан | ЦДИАӨМ бұйрығы |
5 | Мүмкіндігі шектеулі балаларға қызметтер көрсету | |||
5.1 | Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауды проактивті тағайындау бойынша ҰБДБ кіші жүйесінде БҚТЕ әзірлеу және бекіту | БҒМ, ЦДИАӨМ | 2022 жылғы наурыз | бекітілген БҚТЕ (егжей-тегжейлі бизнес-процесс) |
5.2 | 5.1-тармаққа сәйкес БҚТЕ бойынша проактивті көрсетілетін қызметтерді пысықтау | БҒМ | 2022 жылғы қазан | тестілеу хаттамасы |
5.3 |
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға қажетті проактивті көрсетілетін қызметтерді өнеркәсіптік пайдалануға қабылдау: | БҒМ, Әділетмині, ЦДИАӨМ | 2022 жылғы шілде | пайдалануға қабылдау актісі |
5.4 | 5.3-тармақ бойынша мүмкіндіктері шектеуді балаларға қажетті көрсетілетін қызметтерді проактивті форматқа ауыстыру бөлігінде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер енгізу | ЦДИАӨМ, БҒМ | 2022 жылғы қаңтар | ЦДИАӨМ бұйрығы |
5.5 |
"Жергілікті атқарушы органдар көрсететін психологиялық- педагогикалық қолдау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді проактивті форматқа ауыстыру бөлігінде өзгерістер енгізу: | БГМ, Әділетмині, ЦДИАӨМ | 2022 жылғы ақпан | БҒМ бұйрығы |
5.6 | Мүмкіндігі шектеулі балаларға қажетті проактивті қызметтердің іске қосылуы туралы халықты хабардар ету | БҒМ, ЦДИАӨМ | 2022 жылғы желтоқсан | баспасөз хабарламасы |
5.7 | "Дене шынықтыру және спорттың ұлттық цифрлық платформасы" (е-sроrt) ақпараттық жүйесін құру | МСМ, ЦДИАӨМ | 2021 - 2024 жылдар | бекітілген ЖАТ |
5.8 | Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттар қабылдау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті автоматтандыру | МСМ | 2025 жылғы қазан | тестілеу хаттамасы |
5.9 | Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау бойынша көрсетілетін қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру бөлігінде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер енгізу. | ЦДИАӨМ, МСМ | 2025 жылғы қазан | ЦДИАӨМ бұйрығы |
5.10 | "Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін электрондық форматқа ауыстыру бөлігінде спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығына өзгерістер енгізу | МСМ | 2025 жылғы желтоқсан | МСМ бұйрығы |
5.11 | Мүмкіндігі шектеулі балаларға қажетті проактивті көрсетілетін қызметтердің іске қосылуы туралы халықты хабардар ету | МСМ | 2025 жылғы желтоқсан | баспасөз хабарламасы |
6 | Қосымша медициналық көрсетілетін қызметтер | |||
6.1 |
"Электрондық үкімет" порталында балаларға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сервисін түрлендіру: | ЦДИАӨМ, ДСМ | 2022 жылғы наурыз | ақпарат |
6.2 | "Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберудің және (немесе) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тартудың орындылығы туралы құжаттарды қабылдау және қарау" мемлекеттік қызметін көрсету процесін рәсімдерді оңайлату және оны электрондық форматқа ауыстыру бөлігінде қайта қарау мәселесін пысықтау | ДСМ, ЦДИАӨМ | 2022 жылғы наурыз | ақпарат |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әділетмині - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қаржымині - Республикасының Қаржы министрлігі
МСМ - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
СЖРА ҰСБ - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
ЦДИАӨМ - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
БҚТЕ - бағдарламалық қамтылымға қойылатын талаптардың ерекшелігі
ЖАТ - жобалауға арналған тапсырма
ЖТ МДҚ - "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қоры
ҰБДБ -Ұлттық білім беру деректер базасы