Бала туған сәттен бастап проактивті форматта мемлекеттік қызметтер көрсетуді көздейтін мүмкіндіктері шектеулі бала мен оның отбасын дамытуды іске асыру жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 30 қазандағы № 178-ө өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған Бала туған сәттен бастап проактивті форматта мемлекеттік қызметтер көрсетуді көздейтін мүмкіндіктері шектеулі бала мен оның отбасын дамытуды іске асыру жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

      2. Жоспардың орындалуына жауапты орталық атқарушы органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша):

      1) Жоспарды іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын;

      2) жартыжылдық негізде 1 шілдеге және 20 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын;

      3) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жартыжылдық негізде 15 шілдеге және 5 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты жыл сайын 25 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жоспары туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Премьер-Министр А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2021 жылғы 30 қазандағы
№ 178-ө өкімімен
бекітілген

Бала туған сәттен бастап проактивті форматта мемлекеттік кызметтер көрсетуді көздейтін мүмкіндіктері шектеулі бала мен онын отбасын дамытуды іске асыру жоспары

Р/с № Іс-шаралардың атауы Орындауға жауаптылар Орындау мерзімі Аяқтау нысаны
1 2 3 4 5
Бала туған кездегі рәсімдер
1 Баланың тууын тіркеу

1.1.

Азамат ұсынатын СМС-хабарламалар санын 1-ге дейін қысқартып және мемлекеттік органдардын ақпараттық жүйелерінен талап етілегін мәліметтерді ала отырып, мүмкіндіктері шектеулі баланың тууын проактивті тіркеу процесін жетілдіру бойынша БҚТЕ әзірлеу және бекіту:
1) табыс көзі (Қаржымині);
2) әлеуметтік мәртебе (әлеуметтік төлемдерді/жәрдемакыларды алушы/алушы емес, жұмыс істейді/жұмыс істемейді, ХЖҚО тіркелген жұмыссыз / ХЖҚО жұмыссыз ретінде тіркелмеген және т. б.) (Еңбекмині);
3) білім деңгейі (БҒМ);
4) туыстық байланыстары және туу кезектілігі (Әділетмині).

ЦДИАӨМ, Әділетмині. ДСМ, Енбекмині, Каржымині БҒМ, СЖРА ҰСБ (келісу бойынша)

2021 жылғы казан

бекітілген БҚТЕ (егжей-тегжейлі бизнес-процесс)

1.2.

1.1-тармаққа сәйкес БҚТЕ-ға сәйкес проактивті көрсетілетін қызметті пысықтау

ЦДИАӨМ, Әділетмині, ДСМ, Еңбекмині, Қаржымині, БҒМ, СЖРА ҰСБ (келісу бойынша)

2021 жылғы қараша

тестілеу хаттамасы

1.3.

Туған баланы тіркеу бойынша пысықталған проактивті көрсетілетін қызметті өнеркәсіптік пайдалануға қабылдау

ЦДИАӨМ, Әділетмині, ДСМ, Еңбекмині, Қаржымині, БҒМ, СЖРА ҰСБ (келісу бойынша)

2021 жылғы желтоқсан

пайдалануға қабылдау актісі

1.4.

Статистика органдарына туу туралы қағаз акт жазбалары мен медициналық куәліктерді беруді тоқтату

СЖРА ҰСБ (келісу бойынша), Әділетмині

2021 жылғы желтоқсан

бірлескен бұйрық

1.5.

Туған баланы тіркеу бойынша проактивті қызмет көрсетудің оңтайландырылған процесі туралы халықты хабардар ету

ЦДИАӨМ

2021 жылғы желтоқсан

баспасөз хабарламасы

2 Бала туу бойынша жәрдемақы

2.1

СМС-хабарламаларды қысқарта отырып, бизнес-процестерді оңтайландыру бөлігінде "Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау" жэне "Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау" проактивті көрсетілетін қызметгерінің реинжинирингі

Еңбекмині, ЦДИАӨМ

2021 жылғы қараша

тестілеу хаттамасы

2.2

"Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау" және "Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау" проактивті қызметтерін көрсетудің оңтайландырылған процесі туралы халықты хабардар ету

Еңбекмині, ЦДИАӨМ

2021 жылғы қараша

баспасөз хабарламасы

3 Балабақшаға кезекке қою және бөлу

3.1

Балаларға мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру және кезектіліктің бірыңғай базасын құру үшін ҰБДБ кіші жүйесінде БҚТЕ әзірлеу және бекіту (ЖТ МДҚ-да баланың тууы туралы актілік жазбадан кейін)

БҒМ, Әділетмині, ЦДИАӨМ

2022 жылғы сәуір

бекітілген БҚТЕ (егжей-тегжейлі бизнес-процесс)

3.2

ҰБДБ кіші жүйесінде балаларға мектепке дейінгі ұйымдарға кезектіліктің және жолдама берудің бірыңғай базасын құру

БҒМ, Әділетмині

2022 жылғы шілде

тестілеу хаттамасы

3.3

Кезектіліктің бірыңғай базасын өнеркәсіптік пайдалануға қабылдау және ҰБДБ кіші жүйесінде мектепке дейінгі ұйымдарға балаларға жолдама беру

БҒМ, Әділетмині ЦДИАӨМ

2022 жылғы қазан

пайдалануға қабылдау актісі

3.4

Кезектіліктің бірыңғай базасын құру және мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру үшін жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау

БҒМ, ЖАО

2022 жылғы қазан

БҒМ мен ЖАО келісімдері

3.5

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезекке қоюдың және жолдама берудің оңтайландырылған процесі туралы халықты хабардар ету

БҒМ, ЖАО ЦДИАӨМ

2022 жылғы қазаннан бастап

баспасөз хабарламасы

Бала туғаннан кейінгі рәсімдер
4 Мүгедектікті белгілеуге байланысты қызметтер көрсету

4.1

Пилоттық режимде "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсетудің сырттай проактивті нысанын енгізу

Еңбекмині, ДСМ, БҒМ, ЦДИАӨМ

2021 жылғы қазан

тестілеу хаттамасы

4.2

"Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 319 бұйрығына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді проактивті көрсету бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу:
1) "Бір елді мекенде тұратын және күтімді жүзеге асыратын адамға бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау";
2) "Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау".

Еңбекмині

2022 жылғы қаңтар

бұйрықты бекіту

4.3

Мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсетуді іске асыру:
1) "Бір елді мекенде тұратын және күтімді жүзеге асыратын адамға бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау";
2) "Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау".

Еңбекмині

2022 жылғы ақпан

демонстрация хаттамасы

4.4

СМС-хабарламаларды қысқарта отырып, бизнес-процестерді оңтайландыру бөлігінде "Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау" проактивті көрсетілетін қызметінің реинжинирингі

Еңбекмині, ЦДИАӨМ

2021 жылғы қазан

демонстрация хаттамасы

4.5

Мүгедектікті белгілеуге байланысты проактивті қызметтер көрсету мақсатында өзара іс-қимыл жасайтын Еңбекмині ақпараттық жүйелерін жаңғырту бойынша БҚТЕ-ге өзгерістер енгізу

Еңбекмині

2021 жылғы қараша

БҚТЕ

4.6

СМС-хабарламаларды қысқарта отырып, бизнес-процестерді оңтайландыру бөлігінде мүгедектерді оңалту бойынша проактивті қызметтердің реинжинирингі:
1) мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
2) мүгедектерді техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
3) жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерді жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
4) мүгедектерді есту қабілеті бойынша ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу - жылына алпыс сағат;
5) мүгедектерді арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
6) мүгедектерді және мүгедек балаларды санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу.

Еңбекмині, ЦДИАӨМ

2021 жылғы қараша

демонстрация хаттамасы

4.7

Проактивті форматта "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін іске асыру бойынша БҚТЕ әзірлеу және бекіту

Еңбекмині, ЦДИАӨМ

2022 жылғы 2-тоқсан

БҚТЕ

4.8

4.7-тармаққа сәйкес БҚТЕ бойынша "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" проактивті көрсетілетін қызметін іске асыру

Еңбекмині, ЦДИАӨМ

2022 жылғы 3-тоқсан

демонстрация хаттамасы

4.9

Көрсетілетін қызметтерді проактивті форматқа ауыстыру бөлігінде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер енгізу

ЦДИАӨМ, Еңбекмині

2022 жылғы 3-тоқсан

ЦДИАӨМ бұйрығы

5 Мүмкіндігі шектеулі балаларға қызметтер көрсету

5.1

Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауды проактивті тағайындау бойынша ҰБДБ кіші жүйесінде БҚТЕ әзірлеу және бекіту

БҒМ, ЦДИАӨМ

2022 жылғы наурыз

бекітілген БҚТЕ (егжей-тегжейлі бизнес-процесс)

5.2

5.1-тармаққа сәйкес БҚТЕ бойынша проактивті көрсетілетін қызметтерді пысықтау

БҒМ

2022 жылғы қазан

тестілеу хаттамасы

5.3

Мүмкіндіктері шектеулі балаларға қажетті проактивті көрсетілетін қызметтерді өнеркәсіптік пайдалануға қабылдау:
1) мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық- педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету;
2) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу;
3) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау;
4) арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау.

БҒМ, Әділетмині, ЦДИАӨМ

2022 жылғы шілде

пайдалануға қабылдау актісі

5.4

5.3-тармақ бойынша мүмкіндіктері шектеуді балаларға қажетті көрсетілетін қызметтерді проактивті форматқа ауыстыру бөлігінде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер енгізу

ЦДИАӨМ, БҒМ

2022 жылғы қаңтар

ЦДИАӨМ бұйрығы

5.5

"Жергілікті атқарушы органдар көрсететін психологиялық- педагогикалық қолдау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді проактивті форматқа ауыстыру бөлігінде өзгерістер енгізу:
1) мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық- педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету;
2) дамуында проблемасы бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және оңалту;
3) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау;
4) арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау.

БГМ, Әділетмині, ЦДИАӨМ

2022 жылғы ақпан

БҒМ бұйрығы

5.6

Мүмкіндігі шектеулі балаларға қажетті проактивті қызметтердің іске қосылуы туралы халықты хабардар ету

БҒМ, ЦДИАӨМ

2022 жылғы желтоқсан

баспасөз хабарламасы

5.7

"Дене шынықтыру және спорттың ұлттық цифрлық платформасы" (е-sроrt) ақпараттық жүйесін құру

МСМ, ЦДИАӨМ

2021 - 2024 жылдар

бекітілген ЖАТ

5.8

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттар қабылдау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті автоматтандыру

МСМ

2025 жылғы қазан

тестілеу хаттамасы

5.9

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау бойынша көрсетілетін қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру бөлігінде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер енгізу.

ЦДИАӨМ, МСМ

2025 жылғы қазан

ЦДИАӨМ бұйрығы

5.10

"Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін электрондық форматқа ауыстыру бөлігінде спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығына өзгерістер енгізу

МСМ

2025 жылғы желтоқсан

МСМ бұйрығы

5.11

Мүмкіндігі шектеулі балаларға қажетті проактивті көрсетілетін қызметтердің іске қосылуы туралы халықты хабардар ету

МСМ

2025 жылғы желтоқсан

баспасөз хабарламасы

6 Қосымша медициналық көрсетілетін қызметтер

6.1

"Электрондық үкімет" порталында балаларға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сервисін түрлендіру:
1) пациенттерге стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру;
2) азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру;
3) стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру.

ЦДИАӨМ, ДСМ

2022 жылғы наурыз

ақпарат

6.2

"Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберудің және (немесе) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тартудың орындылығы туралы құжаттарды қабылдау және қарау" мемлекеттік қызметін көрсету процесін рәсімдерді оңайлату және оны электрондық форматқа ауыстыру бөлігінде қайта қарау мәселесін пысықтау

ДСМ, ЦДИАӨМ

2022 жылғы наурыз

ақпарат

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Әділетмині - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

      БҒМ - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

      ДСМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      Еңбекмині - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      Қаржымині - Республикасының Қаржы министрлігі

      МСМ - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

      СЖРА ҰСБ - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

      ЦДИАӨМ - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      БҚТЕ - бағдарламалық қамтылымға қойылатын талаптардың ерекшелігі

      ЖАТ - жобалауға арналған тапсырма

      ЖТ МДҚ - "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қоры

      ҰБДБ -Ұлттық білім беру деректер базасы