"Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 33-ө өкіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2019 жылғы 23 қыркүйектегі № 178-ө өкімі

Қолданыстағы

      "Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 33-ө өкіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі (келісім бойынша)";

      "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі".

      Премьер-Министр А. Мамин