Өңірлік саясат жөнінде кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 155-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 268 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.04.2022 № 268 қаулысымен.

      1. Өңірлік саясат жөнінде кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Кеңес тізбесі;

      2) Кеңес туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 155-ө өкімімен
бекітілген

Өңірлік саясат жөніндегі кеңестің құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 11.04.2019 № 57-ө; 13.12.2019 № 222-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік даму департаментінің директоры, хатшы;

      Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша);

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары;

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

      "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарушы директоры - Басқарма мүшесі (келісім бойынша).

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 155-ө өкімімен
бекітілген

Өңірлік саясат жөніндегі кеңес туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Өңірлік саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.

      4. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 11.04.2019 № 57-ө өкімімен.

2. Кеңестің міндеттері

      5. Кеңестің негізгі міндеттері:

      1) өңірлік даму және елдің әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мәселелері;

      2) өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін және өңіраралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар және ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру мен оның тәртібі

      6. Кеңестің қызметін ұйымдастыру мен оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.