Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 146-ө өкімі.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында:

      1. Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Комиссия құрамы;

      2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 16 қарашадағы
146-ө өкімімен
бекітілген

Кәсіпкерлік кызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгерістер енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 11.04.2019 № 57-ө; 02.10.2019 № 183-ө; 06.12.2019 № 222-ө өкімдерімен; ҚР Үкіметінің 01.10.2020 № 624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; ҚР Премьер-Министрінің 11.12.2020 № 158-ө өкімімен; ҚР Үкіметінің 26.02.2021 № 98; 28.01.2022 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі, төраға

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің департамент директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан кәсіпкерлері форумының басшысы (келісім бойынша)

      Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 16 қарашадағы
№ 146-ө өкімімен
бекітілген

Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      5. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 11.04.2019 № 57-ө өкімімен.

2. Комиссияның міндеттері

      6. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл;

      2) реттеушілік әсерді талдауды жетілдіру мәселелері;

      3) кәсіпкерлік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері;

      4) мемлекеттік органдардың қолданыстағы реттегіш құралдарын қайта қарау бойынша жоспарларының орындалмауы туралы ақпаратты қарау қорытындысы;

      5) жаңа реттегіш құралды енгізгені немесе реттеуді қатаңдатқаны туралы реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарау қорытындысы бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі

      7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.