"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-тармағына сәйкес:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері шекаралық мәселелер жөніндегі облыстық үйлестіру кеңестерін құрсын.
Ескерту. Өкім 3-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің 27.12.2021 № 200-ө өкімімен.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 156-ө өкімімен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясы туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік шекара комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының шекара саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
2. Комиссияның міндеттері
5. Комиссияның негізгі міндеті шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының егемендігіне, аумағының тұтастығына және қол сұғылмаушылығына нұқсан келтірудің алдын алу мен жолын кесу, оның Мемлекеттік шекарасын қорғау бойынша ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 27.08.2019 № 158-ө өкімімен.3. Комиссия жұмысының ұйымдастырылуы және тәртібі
6. Комиссия жұмысының ұйымдастырылуы және тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
7. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 27.08.2019 № 158-ө өкімімен.Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 156-ө өкіміне қосымша |
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясының құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 27.12.2021 № 200-ө өкімімен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.01.2022 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры (келісу бойынша), төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Шекараны күзету департаментінің бастығы (келісу бойынша), хатшы
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Алматы облысының әкімі
Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Жамбыл облысының әкімі
Маңғыстау облысының әкімі
Түркістан облысының әкімі
Ақтөбе облысының әкімі
Атырау облысының әкімі
Батыс Қазақстан облысының әкімі
Қостанай облысының әкімі
Қызылорда облысының әкімі
Павлодар облысының әкімі
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.