Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясын құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 21 қарашадағы № 156-ө өкімі.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-тармағына сәйкес:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 21 қарашадағы
№ 156-ө өкімімен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік шекара комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының шекара саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

2. Комиссияның міндеттері

      5. Комиссияның негізгі міндеті шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының егемендігіне, аумағының тұтастығына және қол сұғылмаушылығына нұқсан келтірудің алдын алу мен жолын кесу, оның Мемлекеттік шекарасын қорғау бойынша ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 27.08.2019 № 158-ө өкімімен.

3. Комиссия жұмысының ұйымдастырылуы және тәртібі

      6. Комиссия жұмысының ұйымдастырылуы және тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 27.08.2019 № 158-ө өкімімен.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2017 жылғы 21 қарашадағы
№ 156-ө өкіміне
қосымша

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік шекара комиссиясының құрамы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 27.08.2019 № 158-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры (келісу бойынша), төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Бас штаб бастығының орынбасары – мемлекеттік шекара күзетін ұйымдастыру басқармасының бастығы (келісу бойынша), хатшы

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі.