1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 134-ө өкіміне қосымша |
Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі комиссияның құрамы
Ескерту. Құрамға өзгерістер енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің 29.12.2018 № 164-ө; 02.07.2019 № 120-ө; 02.12.2020 № 152-ө өкімдерімен.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті бюджеттік кредит беру басқармасының басшысы, хатшы
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаментінің директоры
"Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
"Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 134-ө өкімімен бекітілген |
Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
4. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 02.07.2019 № 120-ө өкімімен.2. Комиссияның міндеті
5. Комиссияның негізгі міндеті республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссияның ұйымдастырылуы мен жұмыс тәртібі
6. Комиссияның ұйымдастырылуы мен жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.