Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.08.2023 № 628 қаулысымен.
"Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 134-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі комиссия құрамында:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі, төраға";
"Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрағаның орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры, төрағаның орынбасары";
"Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі";
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторымен өзара іс-қимыл департаментінің директоры" деген жол алып тасталсын;
"Активтерді оңалту және басқару компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)";
көрсетілген өкіммен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі комиссия туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.".
Премьер-Министр | А. Мамин |