"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағынын 8) тармақшасына сәйкес:
1. Мынадай Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар құрылсын:
1) осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес құрамда Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі комиссия;
2) осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес құрамда Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі комиссия.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже;
2) Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 90-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген өкімге 5-қосымшада:
Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары";
мына:
"Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі, төрағаның орынбасары
"Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)" деген жолдар алып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі";
"Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы (келісім бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)";
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі";
"KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"KAZNEX INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)";
"Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Парасат" ғылыми-технологиялық орталығы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)";
"Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)".
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 79-ө өкіміне 1-қосымша |
Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы, хатшы
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі
"Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары - басқарма мүшесі (келісім бойынша)
"Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 79-ө өкімімен бекітілген |
Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
4. Комиссияның отырыстары тоқсанына бір рет өткізіледі.
2. Комиссияның негізгі міндеті
5. Комиссияның негізгі міндеті:
1) техникалық реттеу және метрология жүйелерін жетілдіру;
2) техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындау;
3) техникалық реттеу және метрология саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарау жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3 Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі
6. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 79-ө өкіміне 2-қосымша |
Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі, төраға Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, хатшы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)
"Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары - басқарма мүшесі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 79-ө өкімімен бекітілген |
Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі — Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады, қару-жараққа, әскери техникаға, ядролық және арнайы ядролық емес материалдарға, әскери мақсаттағы өнімге, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологияларға, шикізатқа, материалдарға, жабдықтарға, технологияларға, ғылыми-техникалық ақпаратқа және Қазақстан Республикасының халықаралық және ұлттық қауіпсіздігі мен жаппай қырып-жою қаруларын таратпау режимін нығайту мүддесінде оларды өндірумен және пайдаланумен байланысты көрсетілетін қызметтерге экспорттық бақылау саласында ұсыныстар әзірлейді.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
4. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет өткізіледі.
2. Комиссияның негізгі міндеті
5. Комиссияның негізгі міндеті:
1) экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарының іс-қимылын үйлестіру және өнімнің экспорты, кері экспорты, импорты, кері экспорты, транзиті немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс қайта өңдеу тәртібіне сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға ұсынымдар дайындау;
3) Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін және Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы заңнамасын жетілдіру;
4) экспорттық бақылау саласындағы ұлттық заңнаманы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен үйлестіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі
6. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдарды құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.