Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 ақпандағы кеңейтілген отырысында айтылған Қазақстан Республикасы Президентінің бюджет шығыстарының тиімділігін түбегейлі арттыруға қатысты тапсырмасын іске асыру мақсатында:
1. Мынадай құрамда Бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөніндегі комиссия құрылсын:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, басшы
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, басшының орынбасары
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы, хатшы
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы (келісім бойынша).
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө; 29.01.2020 № 15-ө өкімімен.2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін.
3. Комиссия 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін қажет болған жағдайда бюджет қаражатының пайдаланылуы бойынша бұзушылықтар фактілерін қарасын және қарау қорытындылары бойынша әзірленген ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 29.01.2020 № 15-ө өкімімен.4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ә.А. Смайыловқа жүктелсін.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 29.01.2020 № 15-ө өкімімен.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |