Бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөнінде комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 28-ө өкімі.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 ақпандағы кеңейтілген отырысында айтылған Қазақстан Республикасы Президентінің бюджет шығыстарының тиімділігін түбегейлі арттыруға қатысты тапсырмасын іске асыру мақсатында:

      1. Мынадай құрамда Бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөніндегі комиссия құрылсын:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, басшы

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, басшының орынбасары

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, хатшы

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысының орынбасары (келісім бойынша)

      Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы (келісім бойынша).

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө өкімімен.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін.

      3. Комиссия 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін жарты жылда бір рет бюджет қаражатының пайдаланылуы бойынша бұзушылықтар фактілерін қарасын және қарау қорытындылары бойынша әзірленген ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.

      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.А. Досаевқа жүктелсін.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө өкімімен.

      Премьер-Министр Б. Сағынтаев