Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын дамытудың қағидатты маңызды мәселелері жөнінде келісілген тәсілдер мен ұсынымдарды әзірлеу мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Экономикалық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі - ЭСК) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған ЭСК туралы ереже бекітілсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 33-ө өкіміне қосымша |
Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 33-ө өкімімен бекітілген |
Экономикалық саясат жөніндегі кеңес туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Экономикалық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі - ЭСК) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын, экономиканың орнықты дамуын қамтамасыз ететін стратегияны және оны іске асыру шараларын, тетіктерін айқындау жөніндегі ұсыныстарды қарайды.
2. ЭСК қызметінің мақсаты әлеуметтік-экономикалық дамудың орта және ұзақ мерзімді перспективаға арналған негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.
3. ЭСК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын және осы Ережені басшылыққа алады.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі ЭСК-нің жұмыс органы болып табылады.
5. ЭСК отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі.
2. ЭСК-нің міндеттері
6. ЭСК-нің негізгі міндеттері:
1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын әзірлеу және іске асыру жөніндегі келісілген тәсілдерді әзірлеу;
2) экономиканы және әлеуметтік саланы дамытудың орта және ұзақ мерзімді перспективаға арналған қағидатты маңызды мәселелері, экономикадағы дағдарысты құбылыстардың туындауын болдырмау немесе олардың ықтимал теріс салдарын жеңілдету жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
3) ЭСК-нің қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі
7. ЭСК-нің қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.