Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссияның құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 22-ө өкімімен бекітілген |
Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, хатшы;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі (келісім бойынша);
Дүниежүзілік банктің Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі (келісім бойынша);
"Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу" жобасының ұлттық үйлестірушісі (келісім бойынша);
"Oxford Policy Management" (Ұлыбритания) компаниясының консультанты (келісім бойынша).
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 22-ө өкімімен бекітілген |
Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия қызметінің басты мақсаты Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
4. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі болып табылады.
5. Комиссияның отырыстары екі аптада кемінде бір рет өткізіледі.
2. Комиссияның міндеттері
6. Комиссияның негізгі міндеті:
1) Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу;
2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі
7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.