Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 26.01.2018 № 8-ө өкімімен.
Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссияның құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 22-ө өкімімен бекітілген |
Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР ҚР Премьер-Министрінің 04.09.2017 № 126-ө өкімімен.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Жобаларды басқару департаментінің директоры, хатшы
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
"Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі (келісім бойынша)
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциалық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциалық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша).
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 22-ө өкімімен бекітілген |
Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия қызметінің басты мақсаты Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР ҚР Премьер-Министрінің 04.09.2017 № 126 өкімімен.5. Комиссияның отырыстары айына кемінде бір рет өткізіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР ҚР Премьер-Министрінің 04.09.2017 № 126 өкімімен.2. Комиссияның міндеттері
6. Комиссияның негізгі міндеті:
1) Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу;
2) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;
3) Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу шеңберінде ақпараттық жүйе;
4) халықтың барлық топтарын қамту мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
5) Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу кезіндегі тәуекелді басқару мәселелері жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР ҚР Премьер-Министрінің 04.09.2017 № 126 өкімімен.3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі
7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.