Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөнінде комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 9-ө өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 15 маусымдағы № 83-ө өкімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 15.06.2020 № 83-ө өкімімен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 12.09.2019 № 170-ө өкімімен.

      Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 12.09.2019 № 170-ө өкімімен.

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 12.09.2019 № 170-ө өкімімен.

      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      3. Комиссия 2016 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде бірінші кезеңде мемлекеттік органдардың мемлекеттік функцияларын бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру бойынша ұсыныстарды әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  Премьер-Министрінің
2016 жылғы 30 қаңтардағы
№ 9-ө өкіміне
қосымша

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы

      Ескерту. Комиссияның құрамы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 12.09.2019 № 170-ө өкімімен.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі департаментінің директоры, хатшы

      Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Қазақстанның Азаматтық альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің директоры (келісу бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2016 жылғы 30 қаңтардағы
№ 9-ө өкімімен
бекітілген

Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің 12.09.2019 № 170-ө өкімімен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия қызметінің мақсаты 100 нақты қадам - Ұлт жоспарының "Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру" бесінші бағыты шеңберінде көзделген орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру (97-қадам) мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      5. Комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі.

2-тарау. Комиссияның міндеті

      6. Комиссияның негізгі міндеті:

      1) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері;

      2) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын қайтару жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

3-тарау. Комиссия қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі

      7. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Комиссияның қызметі туралы ақпарат мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады және жарты жылда кемінде бір реттен сиретпей өзектендіріледі.