Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 89-ө өкімі

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 19-бабының 8) тармақшасына сәйкес:

      1. Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөнінде комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Комиссияның құрамы;

      2) Комиссия туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр К. Мәсімов

  ҚазақстанРеспубликасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 7 қазандағы
№ 89-ө өкімімен
бекітілген

Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның құрамы

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы, хатшы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Хатшылығының меңгерушісі (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі – Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкіл (келісім бойынша)

      "Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

      "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)

      "Қазақ тілі" халықаралық қоғамының президенті (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының халықаралық қатынастар факультеті түркітану кафедрасының меңгерушісі (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" республикалық мемлекеттік кәсіпорны философия кафедрасының меңгерушісі

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры

      "Қазақ гуманитарлық заң университеті" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филолигия факультеті қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы

      "Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 7 қазандағы
№ 89-ө өкімімен
бекітілген

Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) мемлекеттік тіл саясатын іске асыру, мемлекеттік тілді енгізу тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылған.

      2. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеттері мен құқықтары

      4. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      1) мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;

      2) мемлекеттік тіл саясатын және тілдік құрылыстың іске асырылу тетіктерін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      3) мемлекеттік тілді кешенді және жүйелі дамыту мен енгізу, елде орыс тілін білудің жоғары деңгейін сақтап қалу, ағылшын тілін тереңірек және қарқынды үйрену жүйесін құру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      4) тілдерді дамыту мен қолдануға бағытталған нысаналы мемлекеттік бағдарламалар мен жоспарлардың жобалары бойынша ұсынымдар әзірлеу;

      5) бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi қызметтiң ақпараттық, әдiстемелiк қамтамасыз етiлуi бойынша ұсынымдар әзірлеу;

      5. Өзінің міндеттері мен функцияларын заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асыру үшін Комиссияның:

      1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті ақпараттар мен материалдарды сұратуға және алуға;

      2) мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға, тіл құрылысы, тілдерді дамыту, терминология және ономастика мәселелеріне байланысты проблемалық мәселелерді талдау және зерделеу үшін қажеттілігіне қарай мемлекеттік органдардың және мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың және ұлттық мәдени орталықтардың өкілдерін, сондай-ақ отандық және шетелдік сарапшыларды тартуға;

      3) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өз отырыстарында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға;

      4) мемлекеттік тіл саясаты саласында әзірленетін ұсыныстар мен ұсынымдарды кеңінен талқылауды ұйымдастыруға құқығы бар.

4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      6. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарына төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, шешімдердің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.

      Төраға болмаған кезде оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары атқарады.

      7. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      8. Комиссияның жұмыс органы Комиссияның жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.

      9. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін Комиссия хатшысы хаттама ресімдейді. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.

      10. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.

      Комиссияның жоспардан тыс отырыстарын Комиссияның қарауына енгізілетін, ұсынылған материалдар негізінде Комиссияның төрағасы шақырады.

      11. Комиссияның отырысы, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.

      Комиссияның мүшелері отырысқа ауыстыру құқығынсыз қатысады.

      12. Отырыстардың жұмыс жоспарын, күн тәртібін, сондай-ақ олардың өткізілетін орны мен уақытын Комиссияның төрағасы бекітеді.

      13. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиiс.

      Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде төраға мен хатшы қол қоятын хаттама жасалады.

      Дауыс беру қорытындылары бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген кезде, Комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.

      Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып келіспеу туралы жауап береді.

      14. Дауыс беру парақтарымен қоса, Комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.

      15. Комиссия мемлекеттік тіл саясатына қатысты мәселелерді қарау қорытындылары бойынша ұсынымдық сипатта қорытынды шығарады.

      16. Комиссия жанынан мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөнінде ұсынылған жобалар мен бағдарламалар бойынша ұсыныстар мен талдамалық бағалауды ұсыну үшін сараптамалық топ (бұдан әрі – сараптамалық топ) құрылады.

      17. Сараптамалық топ Комиссия отырысы өткізілгенге дейін мемлекеттік тіл саясатын іске асыру бойынша ұсынылған жобалар мен бағдарламаларға талдамалық бағалау жүргізу үшін Комиссияның жұмыс органына ұсыныс енгізеді.

      18. Сараптамалық топтың құрамы мен ережесін тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      19. Сараптамалық топтың жетекшісі Комиссияның отырыстарында жұмыстың жүргізілуі туралы есеп береді.

4. Комиссия қызметін тоқтату

      20. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешімі негізінде тоқтатады.