Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымын құру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 86-ө өкімі

Қолданыстағы

      1. Aзық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымын құру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, басшы;
      Қазақстан Республикасының Aуыл шаруашылығы министрі, басшының орынбасары;
      Қазақстан Республикасы Aуыл шаруашылығы министрлігі Экономикалық интеграция және аграрлық азық-түлік нарығы департаментінің директоры, хатшы;
      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары;
      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары;
      Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің орынбасары;
      Қазақстан Республикасының Aуыл шаруашылығы вице-министрі;
      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
      Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;
      Aстана қаласы әкімінің орынбасары (келісім бойынша);
      «ҚазAгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
      «Aзық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша).
      2. Жұмыс тобы 2014 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде Aзық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымын құру рәсімдері бойынша ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Aуыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр                                  К. Мәсімов