1. Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымын құру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, басшысы
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, басшының орынбасары
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Экономикалық интеграция және аграрлық азық-түлік нарығы департаментінің директоры, хатшы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі
Астана қаласы әкімінің орынбасары
«ҚазАгро» -ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.
2. Жұмыс тобы 2014 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде Aзық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымын құру рәсімдері бойынша ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Aуыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.