Қазақстан Республикасында көпір салу сапасы мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 11 шілдедегі № 107-ө өкімі

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасында көпір салу сапасы мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі, жетекші;

Скляр
Роман Васильевич

-

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі, жетекшінің орынбасары;

Айтбаев
Болатбек Қабланбекұлы

-

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің ғылым және жұмыстардың сапасын бақылау басқармасының басшысы, хатшы;

Сағынов
Замир Садықұлы

-

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы;

Қилыбай
Нұрдәулет Игілікұлы

-

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы;

Галиев
Владислав Германович

-

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы;

Дүйсенбек
Әли Дүйсенбекұлы

-

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы;

Есбатыр
Нұржан Мұратұлы

-

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы филиалының Жол және ғимарат департаментінің бас инженері (келісім бойынша);

Телтаев
Бағдат Бұрханбайұлы

-

«ҚазжолҒЗИ» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша);

Әліпов
Ұлан Тоқтарбайұлы

-

«ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

Раушанов
Мұрат Раушанұлы

-

«Мостоотряд №1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша);

Қожабеков
Ерік Самсалыұлы

-

«Алматы көпірлік конструкциялар зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инновациялар бойынша директоры (келісім бойынша);

Давыденко
Петр Васильевич

-

«Қазақстан автожолшыларының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша).

      2. Жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Қазақстан Республикасында көпір салу сапасы мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі Б.Ә. Сағынтаевқа жүктелсін.

      Премьер-Министр                       С. Ахметов