Қазақстан Республикасында көпір салу сапасы мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 11 шілдедегі № 107-ө өкімі

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасында көпір салу сапасы мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
      Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі, жетекші
      Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі, жетекшінің орынбасары
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің ғылым және жұмыстардың сапасын бақылау басқармасының басшысы, хатшы
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы
      Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы
      Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы
      «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы филиалының Жол және ғимарат департаментінің бас инженері (келісім бойынша)
      «ҚазжолҒЗИ» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)
      «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
      «Мостоотряд №1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша)
      «Алматы көпірлік конструкциялар зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инновациялар бойынша директоры (келісім бойынша)
      «Қазақстан автожолшыларының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша).
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      2. Жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Қазақстан Республикасында көпір салу сапасы мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі Б.Ә. Сағынтаевқа жүктелсін.

      Премьер-Министр                       С. Ахметов