"Iшкi және сыртқы нарықтарда азық-түлiк тауарларына баға бойынша ахуалдың мониторингi, азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, iшкi нарықты қорғау және азық-түлiк тауарларына бағаны тұрақтандыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 6-ө өкiмiне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 106-ө өкімі

Қолданыстағы

      «Iшкi және сыртқы нарықтарда азық-түлiк тауарларына баға бойынша ахуалдың мониторингi, азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, iшкi нарықты қорғау және азық-түлiк тауарларына бағаны тұрақтандыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 6-ө өкiмiне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Iшкi және сыртқы нарықтарда азық-түлiк тауарларына баға бойынша ахуалдың мониторингi, iшкi нарықты қорғау және азық-түлiк тауарларына бағаны тұрақтандыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы»;
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Iшкi және сыртқы нарықтарда азық-түлiк тауарларына баға бойынша ахуалдың мониторингiн жүргiзу, iшкi нарықты қорғау және азық-түлiк тауарларына бағаны тұрақтандыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында:»;
      1-тармақта:
      жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілсін:

Қуандықов               - Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi
Болатбек Баянұлы          қорғау агенттiгiнiң (Монополияға қарсы
                          агенттiк) төрағасы, жетекшi

Толыбаев                - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Марат Еркінұлы            вице-министрi, жетекшiнiң орынбасары

Тұяқбаева               - Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi
Мира Асылбекқызы          қорғау агенттiгi (Монополияға қарсы
                          агенттiк) Көлiк, байланыс және
                          агроөнеркәсiп кешенiн талдау
                          департаментiнiң директоры, хатшы

Баймұханов              - Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi
Тимур Сұлтанбекұлы        қорғау агенттiгi (Монополияға қарсы
                          агенттiк) төрағасының орынбасары

Мамашева                - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Дина Талғатқызы           Кедендік бақылау комитеті төрағасының
                          орынбасары

Сүйінбаев               - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Серік Қойсарыұлы          министрлiгiнің Әкімшілік полиция комитеті
                          төрағасының орынбасары

Қосманова               - «АӨК Қазақстан іскерлік кеңесі» заңды
Мәдина Садулқызы          тұлғалар мен дара кәсіпкерлер бірлестігінің
                          басқарма төрағасы

Мұхамеджанов            - «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы
Нұрлан Мырзабекұлы        басқарма төрағасының орынбасары (келісім
                          бойынша)

Якупбаева               - «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық
Юлия Константиновна       экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
                          бірлестігінің атқарушы директоры - басқарма
                          мүшесі (келісім бойынша);

      мына:

«Жақсылықов             - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму
Тимур Мекешұлы            және сауда вице-министрi

Попелюшко               - Қазақстан тағам және қайта өңдеу
Анатолий Висханович       өнеркәсiбiнiң тауар өндiрушiлер одағының
                          президентi (келiсiм бойынша)»;

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«Жақсылықов             - Қазақстан Республикасының Экономика және
Тимур Мекешұлы            бюджеттік жоспарлау вице-министрi

Попелюшко               - «Қазақстанның тамақ кәсіпорындары одағы»
Анатолий Висханович       заңды тұлғалар бірлестігінің президентi
                          (келiсiм бойынша)»;

      жұмыс тобының құрамынан Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдiрахымов, Мүслім Тайырұлы Өмірияев, Маржан Несiпбекқызы Әбсаттарова, Еркеғали Амантайұлы Әлiмқұлов, Айдар Қалымтайұлы Қазыбаев, Жанарбек Төлеубекұлы Бақтыбаев, Нұржан Әмiрғожаұлы Әшiханов, Алмаз Ерасылұлы Әбiлқасымов, Владимир Яковлевич Дворецкий, Айгүл Төлеуғазықызы Ахмеджанова, Әлихан Есенғосұлы Мәмбеталин, Серiк Аманжолұлы Сатиев шығарылсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жұмыс тобы iшкi және сыртқы нарықтарда азық-түлiк тауарларына баға бойынша ахуалдың тұрақты негіздегі мониторингiн жүргiзсiн, iшкi нарықты қорғау және азық-түлiк тауарларына бағаны тұрақтандыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.».

      Премьер-Министр                       С. Ахметов