Iшкi және сыртқы нарықтарда азық-түлiк тауарларына баға бойынша ахуалдың мониторингi, iшкi нарықты қорғау және азық-түлiк тауарларына бағаны тұрақтандыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 11 қаңтардағы N 6-ө Өкімі

      Ескерту. Өкімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 10.07.2013 N 106-ө өкімімен.

      Iшкi және сыртқы нарықтарда азық-түлiк тауарларына баға бойынша ахуалдың мониторингiн жүргiзу, iшкi нарықты қорғау және азық-түлiк тауарларына бағаны тұрақтандыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 10.07.2013 N 106-ө өкімімен.

      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Оразбақов               - Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi
Ғалым Ізбасарұлы          қорғау агенттiгiнiң (Монополияға қарсы
                          агенттiк) төрағасы, жетекшi

Исаева                  - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Гүлмира Сұлтанбайқызы     вице-министрi, жетекшiнiң орынбасары

Тұяқбаева               - Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi
Мира Асылбекқызы          қорғау агенттiгi (Монополияға қарсы
                          агенттiк) Көлiк, байланыс және
                          агроөнеркәсiп кешенiн талдау
                          департаментiнiң директоры, хатшы

Баймұханов              - Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi
Тимур Сұлтанбекұлы        қорғау агенттiгi (Монополияға қарсы
                          агенттiк) төрағасының орынбасары

Жақсалиев               - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Бақытжан Мұхамбетқалиұлы  жаңа технологиялар вице-министрі

Жарқынбаев              - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
Жасер Әзімханұлы          төрағасының орынбасары

Жақсылықов              - Қазақстан Республикасының Экономика және
Тимур Мекешұлы            бюджеттік жоспарлау вице-министрi

Дүйсебаев               - Қазақстан Республикасы Табиғи
Асылбек Жексенбайұлы      монополияларды реттеу агенттігі төрағасының
                          орынбасары

Нұршаев                 - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
Марат Аманжолұлы          министрлігі Мемлекеттік материалдық
                          резервтер комитеті төрағасының орынбасары

Сүйінбаев               - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Серік Қойсарыұлы          министрлiгiнің Әкімшілік полиция комитеті
                          төрағасының орынбасары

Мамашева                - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Дина Талғатқызы           Кедендік бақылау комитеті төрағасының
                          орынбасары

Қыпшақов                - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Арғын Мықтыбайұлы         Салық комитеті төрағасының орынбасары

Мағжанов                - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк
Марат Игиятович           комитетi Шекаралық бақылау бас
                          басқармасының бастығы (келiсiм бойынша)

Дүйсебаев               - Қазақстан Астық одағының атқарушы директоры
Мұхамеджан Жұмабекұлы     (келісім бойынша)

Ган                     - «Қазақстан астық өңдеушілері одағының»
Евгений Альбертович       президенті (келiсiм бойынша)

Палташева               - Қазақстан кәсіпкерлері форумының атқарушы
Манавар Тұрсынқызы        директоры (келісім бойынша)

Попелюшко               - «Қазақстанның тамақ кәсіпорындары одағы»
Анатолий Висханович       заңды тұлғалар бірлестігінің президентi
                          (келiсiм бойынша)

Қайыржанова             - Қазақстанның сауда кәсіпорындары
Ботагөз Ержанқызы         қауымдастығы директорының орынбасары
                          (келісім бойынша)

Қуанғанова              - Қазақстан кәсіпкерлері форумы атқарушы
Гүлнар Шаймұратқызы       директорының орынбасары (келісім бойынша)

Мұхамеджанов            - «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы
Нұрлан Мырзабекұлы        басқарма төрағасының орынбасары (келісім
                          бойынша)

Якупбаева               - «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық
Юлия Константиновна       экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
                          бірлестігінің атқарушы директоры - басқарма
                          мүшесі (келісім бойынша)

Қосманова               - «АӨК Қазақстан іскерлік кеңесі» заңды
Мәдина Садулқызы          тұлғалар мен дара кәсіпкерлер бірлестігінің
                          басқарма төрағасы

Ертуғанов               - Қазақстан Республикасы Экономика және
Қайрат Базаркелдіұлы      бюджеттік жоспарлау министрлігінің
                          Сауда комитеті төрағасының орынбасары

Әжібаева                - Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер
Жібек Төреханқызы         палатасының Сауда комитеті хатшылығының
                          хатшысы (келiсiм бойынша)

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.04 № 911 қаулысымен, өзгерістер енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2012.05.18 104-ө; 10.07.2013 N 106-ө; 19.03.2014 N 29-ө өкімдерімен.

      2. Жұмыс тобы iшкi және сыртқы нарықтарда азық-түлiк тауарларына баға бойынша ахуалдың тұрақты негіздегі мониторингiн жүргiзсiн, iшкi нарықты қорғау және азық-түлiк тауарларына бағаны тұрақтандыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 10.07.2013 N 106-ө өкімімен.
      3. "Азық-түлік тауарларының жекелеген топтарына бағалар бойынша ахуалдың мониторинг жөнінде жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 18 қазандағы N 305-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.

      Премьер-Министр