"Ішкі және сыртқы нарықтарда азық-түлік тауарларына баға бойынша ахуалдың мониторингі, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі нарықты қорғау және азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 6-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 18 мамырдағы 104-ө Өкімі

Қолданыстағы

      «Ішкі және сыртқы нарықтарда азық-түлік тауарларына баға бойынша ахуалдың мониторингі, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі нарықты қорғау және азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 6-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілсін:

Әбдірахымов                - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Ғабидолла Рахметоллаұлы      қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы
                             агенттік) төрағасы, жетекші

Өмірияев                   - Қазақстан Республикасының Ауыл
Мүслім Тайырұлы              шаруашылығы вице-министрі, жетекшінің
                             орынбасары

Жақсылықов                 - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Тимур Мекешұлы               даму және сауда вице-министрі

Әбілқасымов                - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Алмаз Ерасылұлы              қорғау агенттігі (Монополияға қарсы
                             агенттік) Көлік, байланыс және
                             агроөнеркәсіп кешенін талдау
                             департаментінің директоры

Бақтыбаев                  - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
Жанарбек Төлеубекұлы         министрлiгiнің Әкiмшiлiк полиция
                             комитетi төрағасының орынбасары

Нұршаев                    - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
Марат Аманжолұлы             министрлігі Мемлекеттік материалдық
                             резервтер комитеті төрағасының
                             орынбасары

Бекжанов                   - Қазақстан Республикасы
Серік Рахметжанұлы           Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара
                             қызметi директорының орынбасары (келiсiм
                             бойынша)

Мәмбеталин                 - «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық
Әлихан Есенғосұлы            экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
                             бірлестігінің басқарма төрағасының
                             орынбасары (келісім бойынша)

Сатиев                     - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық
Серік Аманжолұлы             партиясының Инновация комитеті
                             инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі
                             (келiсiм бойынша);

      жұмыс тобының құрамынан Мәжит Төлеубекұлы Есенбаев, Сақташ Сатыбалдыұлы Хасенов, Тимур Мұратұлы Cүлейменов, Асқар Әнетұлы Сәду, Қайрат Сағатханұлы Тыныбеков, Наиль Файзрахманұлы Алдаев шығарылсын.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов