Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «2009 - 2011 жылдары республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 4 наурыздағы № 31-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен бекітілген 2009 - 2011 жылдары республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесінде:
4-бағанда:
реттік нөмірі 8-1-жолда «МАМ» деген аббревиатура «БАМ, MM» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 9 және 10-жолдарда «МАМ» деген аббревиатура «MM, БАМ» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«MM - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі»;
2) «Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен «Бота» қоғамдық қорының 2009 - 2011 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 11 маусымдағы № 82-ө өкімінде:
көрсетілген өкіммен мақұлданған Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен «Бота» қоғамдық қорының 2009 - 2011 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында:
реттік нөмірі 5-жолдың «Жауапты орындаушылар» деген бағанында «МАМ» деген аббревиатура «БАМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
Ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында:
«МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі».
Премьер-Министр К. Мәсімов