Ана мен баланың өмір сүру және әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру, табысы аз отбасыларын қосымша әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру үшін жағдай жасау және Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын әлеуметтік-экономикалық қолдау саласында мемлекеттік органдардың "Бота" қоғамдық қорымен өзара іс-қимылын іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған қаржыландырылуы "Бота" қоғамдық қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен "Бота" қоғамдық қорының 2009 - 2011 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі - Жоспар) мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары:
1) Жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындау барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 11 маусымдағы
N 82-ө өкімімен
мақұлданған
Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен "Бота" қоғамдық қорының 2009 - 2011 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары
Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2011.01.19 № 3-ө Өкімімен
Р/с N |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Орындалу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
1. |
"Бота" ҚҚ-ның бағдарламалары туралы толық ақпарат беру |
Үкіметке ақпарат |
Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін |
Әділетмині, "Бота" ҚҚ |
2. |
Мына бағыттар бойынша ұсыныстар: |
Әділетминіне ақпарат |
Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін |
ДСМ, "Бота" ҚҚ |
3. |
Әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту. |
Әділетминіне ақпарат |
Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін |
Еңбекмині, "Бота" ҚҚ |
4. |
Мектепке дейінгі мекемелердің инфрақұрылымын жақсарту. |
Әділетминіне ақпарат |
Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін |
БҒМ, "Бота" ҚҚ |
5. |
"Бота" ҚҚ бағдарламалары және кедейлікке қарсы күрес бағдарламасы үшін ақпараттық арналар арқылы эфирде уақыт беру |
Әділетминіне ақпарат |
Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін |
БАМ, "Бота" ҚҚ |
6. |
Халықтың тұрмыс деңгейі және әлеуметтік дамудың басқа көрсеткіштері бойынша деректер ұсыну |
Әділетминіне ақпарат |
Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін |
СА,"Бота" ҚҚ |
7. |
Білім беру және әлеуметтік қызметтер инфрақұрылымын жақсарту. |
Әділетминіне ақпарат |
Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін |
БҒМ, Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, "Бота" ҚҚ |
8. |
Ауылдық жерлерде тұратын халықтың әлеуметтік мұқтаждықтарын қарау. |
Үкіметке ақпарат |
Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін |
Әділетмині, аудандық әкімдіктер, "Бота" ҚҚ |
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат
министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
"Бота" ҚҚ - "Бота" қоғамдық қоры