"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексі мен "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 114-ө Өкімі

Қолданыстағы

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексін және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр                                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2010 жылғы 12 тамыздағы
№ 114-ө өкімімен  
бекітілген    

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы»
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексі
мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010
жылғы 30 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы
қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі

р/c

Нормативтік құқықтық актінің  атауы

Акт нысаны

Жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1

Кеден одағының шеңберінде салық салынатын импорт мөлшерін түзету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

2

Тауарларды қайта өңдеу шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ (жинақтау), МГМ, ЭДСМ, Қаржымині және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар

2010 жылғы тамыз

3

Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, өткізу жөніндегі айналымдар кеден одағында қосылған құн салығынан босатылатын тауарды қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерін ауыстыруды қоса алғанда, оны жөндеу жөніндегі қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ (жинақтау), МГМ, ЭДСМ, АШМ, ККМ, Қаржымині

2010 жылғы тамыз

4

Кеден одағы шеңберінде тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині (жинақтау), ИЖТМ, МГМ, АШМ, ККМ, ЭДСМ

2010 жылғы тамыз

5

Тауарларды кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, қайта өңдеуге арналған тауарлардың, сондай-ақ көмегімен тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесіне жатқызу және салық төлеушілерді осындай тауарларды әкелуді жүзеге асыратын салық төлеушілерге жатқызу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ (жинақтау), ЭДСМ, МГМ, АШМ, ККМ, Қаржымині

2010 жылғы тамыз

6

Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, қайта өңдеуге арналған тауарлардың, сондай-ақ көмегімен тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесін және осындай тауарларды әкелуді жүзеге асыратын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ (жинақтау), ЭДСМ, МГМ, АШМ, ККМ, Қаржымині

2010 жылғы тамыз

7

Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

8

Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған тауарлардың тізбесін және көрсетілген өнеркәсіптік қайта өңдеу кезінде алынған дайын өнімнің тізбесін, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ (жинақтау), ЭДСМ, МГМ, АШМ, ККМ, Қаржымині

2010 жылғы тамыз

9

Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған тауарлардың тізбесін және көрсетілген өнеркәсіптік қайта өңдеу кезінде алынған дайын өнімнің тізбесін, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ (жинақтау), ЭДСМ, МГМ, АШМ, ККМ, Қаржымині

2010 жылғы тамыз

10

«Қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині (жинақтау), ИЖТМ, ЭДСМ және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар

2010 жылғы тамыз

11

Кеден одағы шеңберінде акцизделетін тауарларды (жеңіл автомобильдер мен магистралдық құбыржолдар арқылы өткізілетін акцизделетін тауарларды қоспағанда) Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізу пункттерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы маусым

12

Есепке алу-бақылау таңбаларымен немесе акциздік таңбалармен таңбалауға жататын акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы, оның ішінде кеден одағы шеңберінде өткізілуін бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

13

«Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы қазан

14

«Алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі мен оған қойылатын біліктілік талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 тамыздағы № 731 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині (жинақтау), ЭДСМ, және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар

2010 жылғы желтоқсан

15

«Лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині (жинақтау), ЭДСМ, және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар

2010 жылғы қараша

16

Тауарларды еркін қойма кедендік рәсімінде еркін қойма аумағында өндірген және осы аумақтан Қазақстан Республикасы аумағының қалған бөлігіне өткізген кезде олардың сәйкестік өлшемдерін бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ (жинақтау), ЭДСМ, Қаржымині

2010 жылғы тамыз

17

«Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің, эксперты мен импортын сондай-ақ жекелеген кезіндегі қызметті лицензиялау ережелерін, лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

ИЖТМ (жинақтау), Қаржымині, ЭДСМ

2010 жылғы тамыз

18

Кеден өкілінің кеден органдарына есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ұсынуының қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

19

Кедендік декларациялау маманына біліктілік аттестатын беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

20

Техникалық жабдыққа қойылатын талаптарды және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

21

Кедендік тасымалдаушының кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарлардың есебін жүргізуінің және кеден органдарына осындай тауарларды тасымалдау туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ұсынуының қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

22

Уақытша сақтау қоймасы иесінің сақталатын тауарлардың есебін жүргізуінің және кеден органдарына олар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ұсынуының қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

23

Кедендік қойма иесінің кедендік қоймада сақтаудағы тауарлардың есебін жүргізуінің және кеден органдарына осындай тауарлар туралы есептілікті, оның ішінде, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ұсынуының қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

24

Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

25

Бажсыз сауда дүкені иесінің бажсыз сауда дүкеніне тауарлар түсімінің және олардың осы дүкенде сатылуының есебін жүргізуінің, сондай-ақ кеден органдарына осындай тауарлар туралы есептілікті, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ұсынуының қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

26

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін декларанттар немесе кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар пайдаланатын бағдарламалық өнімдерге қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

27

Құрастырылмаған түрдегі тауарларды жіктеу туралы шешімнің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

28

Преференциялық және преференциялық емес режимдерді қолдану кезінде тауар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешім қабылдау нысанын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

29

Кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

30

Кедендік алымдар салудан босату үшін құжаттар ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

31

Үшінші елдерге қатысты кедендік әкету баждарының ставкаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

ЭДСМ

2010 жылғы тамыз

32

Кедендік баж төлеу мерзімін ұзартуды немесе оны бөліп төлеуді ұсыну туралы не оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

33

Кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың бюджеттен артық (қате) төленген (есепке жатқызылған) немесе артық өндіріп алынған сомаларын бюджетке аудару, қайтару (есепке алу) қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

34

Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке түсімдерін есепке алу, сондай-ақ төлеушінің жеке шоттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

35

Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың түрлері бойынша төлеушінің жеке шотын жүргізу қағидалары мен нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

36

Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша салыстырып тексеру актісінің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

37

Кеден органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

38

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

39

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

40

Артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған кедендік әкету баждарының, салықтар мен кедендік алымдардың сомаларын, аванстық төлемдер сомаларын, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомаларын қайтару (есепке жатқызу), сондай-ақ кедендік әкелу баждарының артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын қайтару (есепке жатқызу) қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

41

Ветеринария және өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен мемлекеттік инспекторларын кеден органдарына іссапарға жіберу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы мамыр

42

Карантиндік объектілердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы мамыр

43

Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізбесі мен оларды қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

44

Кедендік бақылау мақсаттары үшін кеден органдарының су және әуе кемелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

45

Кедендік бақылаудағы тауарларды есепке алу қағидалары мен нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

46

Кеден органдарына сақтаудағы, тасымалданатын, сатылатын, қайта өңдеудегі және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы есептілікті ұсыну нысаны мен қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

47

Қазақстан Республикасының кеден органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

48

Қазақстан Республикасының кеден органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

49

Кедендік бақылау жүргізу кезінде ұсталған тауарларды сақтау жөніндегі шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

50

Ұсталған, сақтау мерзімдері өткен тауарларды сату, жою немесе өзгеше пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

51

Ұсталған тауарлардың иелеріне оларды сатудан түскен сомаларды қайтару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

52

Тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау қағидаларын бекіту

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

53

Меншікті тауарларды сақтау қоймалары иелерінің келіп түсетін, сақтаудағы, әкетілетін тауарлар және (немесе) көлік құралдары туралы есепті (оның ішінде бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған нысанын пайдалана отырып) жүргізуінің және есептілікті кеден органына ұсынуының қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

54

Тауарлар мен көлік құралдарының уақытша сақтауға орналастырылғанын растайтын құжаттарды қабылдау және тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

55

Кеден органдарының лауазымды адамдарының тауарларды кедендік тазарту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

56

Кеден органының Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша бір жіктеу кодын көрсете отырып, уақыттың белгіленген кезеңі ішінде өткізілетін құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрдегі тауарды декларациялауға рұқсат беруінің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

57

Уақыттың белгіленген кезеңі ішінде өткізілетін құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрдегі тауарды кедендік декларациялау және кедендік тазарту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

58

Кедендік сүйемелдеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

59

Кедендік транзит кедендік рәсімін аяқтау үшін ұсынылатын құжаттардың берілуін тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

60

Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың нысанын және оны беру, оған өзгерістер немесе толықтырулар енгізу, сондай- ақ оны кері қайтарып алу (жою) қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

61

Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есеп нысанын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

62

Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың нысанын және оны беру, оған өзгерістер немесе толықтырулар енгізу, сондай-ақ оны кері қайтарып алу (жою) қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

63

Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есеп нысанын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

64

Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың нысанын және оны беру, оған өзгерістер немесе толықтырулар енгізу, сондай-ақ оны кері қайтарып алу (жою) қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

65

Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімін қолдану туралы есеп нысанын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

66

Нысанды киім үлгілерін, онымен қамтамасыз ету нормаларын және айырым белгілерін бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

67

Кеден органдарының лауазымды адамдары қолданатын арнайы құралдардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

68

Кеден органдарының атыс қаруын алып жүру, сақтау және оны пайдалану құқығы берілген лауазымды адамдарының санаттарын, лауазымды адамдары қолданатын атыс қаруы мен оқ-дәрілер түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

69

Кеден органының лауазымды адамы қызметтік міндетін орындауына байланысты бұдан әрі кәсіби қызметпен айналысу мүмкіндігін жоққа жарақат алған не денсаулығы өзгеше нашарлаған кезде, сондай-ақ ол қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

70

Кеден органдарының таным сипатын және оларды қолдану сипатын және оларды қолдану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

71

Тауарларды жіктеу жөніндегі шешімдердің нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

72

Тауарларды бажсыз сауда дүкендерінде сату қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

73

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

74

Кеден одағының кедендік аумағына шетелдік тауарларды әкелгенге дейін балама тауарлардан алынған қайта өңдеу өнімдерін әкету жүзеге асырылатын кеден органдарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

75

Кеден органдары мен салық қызметі органдарының өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

76

Кеден органдарының Қазақстан Республикасының ұлттық темір жол компаниясымен, темір жол көлік саласындағы ұлттық тасымалдаушысымен, халықаралық әуежайларымен, теңіз және өзен порттарымен өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы

Бірлескен бұйрық

Қаржымині ККМ

2010 жылғы тамыз

77

Кеден ісін жетілдіру мәселелері жөніндегі консультативтік кеңестер туралы үлгі ережені бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

78

Кеден органдарының ақпараттық жүйелерін қолдана отырып, біліктілік емтихандарын өткізу құқығына ие кеден органдарының тізбесін бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

79

Біліктілік емтихандарын өткізу бағдарламасын, біліктілік емтихандарына арналған сұрақтарды әзірлеу, біліктілік емтихандарына арналған сұрақтарды әзірлеу және бекіту қағидаларын, аттестат алуға үміткердің білімін бағалау өлшемдерін, сондай-ақ біліктілік аттестатының, бейдждің, кедендік декларациялау маманының жеке нөмірлі мөрінің нысанын бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

80

Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілгені туралы куәлікті алу үшін ұсынылатын сауалнаманың, уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімін және осындай тізілімге енгізілгені туралы куәліктің нысандарын бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

81

Ақпараттық жүйелерді, ақпараттық технологияларды, оларды қамтамасыз ету құралдары мен ақпаратты қорғаудың бағдарламалық-техникалық құралдарын кедендік мақсаттар үшін пайдалану шарттары мен қағидаларын, сондай-ақ ақпарат алмасудың электрондық тәсілдеріне негізделген ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру кезінде оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині ККМ

2010 жылғы тамыз

82

Қазақстан Республикасының сыртқы сауда кедендік статистикасының деректерін жариялау қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

83

Арнайы кедендік статистиканы жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

84

Кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өтегені туралы хабарлама нысанын бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

85

Кеден одағының кедендік шекарасында бірлескен бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Бірлескен бұйрықтар

Қаржымині (жинақтау), ҰҚК,АШМ, ДСМ, ККМ

2010 жылғы тамыз

86

Радиациялық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы мамыр

87

Тауарларды сәйкестендіру құралдары мен көлік құралдарын, үй-жайларды, ыдыстарды және басқа да орындарды қолдану ережелері мен олардың жасалуына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

88

Үй-жайлар мен аумақтарды тексеріп қарауды жүргізуге нұсқаманың (нұсқаудың) нысанын бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

89

Тәуекелдерді талдау және бағалау, ақпарат жинау және өңдеу, тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру қағидаларын бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

90

Көшпелі кедендік тексеріс нұсқамасының және кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаның және (немесе) жолсыздықтарды жою туралы талаптың нысандарын бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

91

«Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне сату ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғары Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитеті төрағасының 2009 жылғы 1 шілдедегі № 259-п бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

СӘК бұйрығы

СӘК (жинақтау), Қаржымині

2010 жылғы тамыз

92

Кедендік сарапшы қорытындысын ресімдеу қағидаларын бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

93

Кеден органының кедендік сараптама тағайындау туралы шешімінің нысанын бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

94

Кедендік сараптама жүргізу үшін кеден органдарының лауазымды адамы болып табылмайтын сарапшына (маманды) тарту қағидаларын бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

95

Кеден органының Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша бір жіктеу кодын көрсете отырып, уақыттың белгіленген кезеңі ішінде өткізілетін, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрде тауарды декларациялауға рұқсат қағазында көрсетілетін өзге де мәліметтерді бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

96

Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу нысаны мен қағидаларын бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

97

Кеден органдары мен Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы арасындағы өзара іс-қимыл және ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы

Бірлескен бұйрық

Қаржымині, Әділетмині

2010 жылғы тамыз

98

Қазақстан Республикасының кеден органдарына жаңадан қабылданған лауазымды адамдардың тағылымдамадан эту қағидаларын бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

99

Қызметтік куәліктер мен жеке нөмірлі мөрлерді беру ережелерін бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

100

Кеден органының лауазымды адамының Қазақстан халқына адал болуына ант қабылдау қағидаларын бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

101

Нысанды киім кию қағидаларын бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

102

Кеден органының лауазымды адамын сол кеден органында не сол жердегі басқа кеден органына немесе басқа жерге қызметке ротациялау ережелерін бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

103

Қару-жарақ құралдарын, арнайы құралдар мен қызметтік жануарларды есепке алу, сақтау және кеден органы лауазымды адамдарының пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

104

Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өткізу пункттері арқылы акцизделетін тауарларды өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2011 жылғы шілде

105

Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруге және оның айналымына декларация беру қағидаларын бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

106

Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлеріне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, тапсыру, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы желтоқсан

107

«Акциздік қосындардың қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 602 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы қыркүйек

108

«Салық есептілігін нысандарын және оларды жасау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы қыркүйек

109

Кеден органдары орналасқан жерлерді бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

110

Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

111

Төлеушінің немесе төлеушінің есебіне үшінші тұлғаның кедендік баждарды, салықтарды және өсімпұлдарды төлеуі кезінде бюджеттік сыныптаманың кодтары бойынша түсімдердің туралы есептілігін беру қағидаларын бекіту туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

112

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қаржыминінің бұйрығы

Қаржымині

2010 жылғы тамыз

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭДСМ       - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда
             министрлігі
МГМ        - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
ИЖТМ       - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
             технологиялар министрлігі
АШМ        - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ККМ        - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
             министрлігі
ҰҚК        - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қаржымині  - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
СӘК        - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот
             әкімшілігі комитеті
ДСМ        - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі