Қазақстандық ұйымдардың халықаралық стандарттарға одан әрі көшуі жөніндегі 2010-2011 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 9 наурыздағы N 43-ө Өкімі

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының экономика секторларын халықаралық стандарттарға көшіру мақсатында:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстандық ұйымдардың халықаралық стандарттарға одан әрі көшуі жөніндегі 2010-2011 жылдарға арналған жоспар (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары Жоспар іс-шараларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. «Қазақстандық ұйымдардың халықаралық стандарттарға жедел көшуі жөніндегі 2008 - 2009 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 23 маусымдағы № 172-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.

      Премьер-Министр                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің  
2010 жылғы 9 наурыздағы
№ 43-ө өкімімен   
бекітілген     

Қазақстандық ұйымдардың халықаралық стандарттарға одан әрі көшуі жөніндегі 2010-2011 жылдарға арналған жоспар

Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Болжамды шығыстар (мың теңге)

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1. Халықаралық стандарттарға көшу бойынша мемлекеттік басқаруды жетілдіру

1

Халықаралық стандарттарға сәйкес салаларды мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар

2010-2011 жылдар IV тоқсан

Талап етілмейді


2

Менеджмент жүйелерін республиканың кәсіпорындары мен ұйымдарында енгізу жөнінде өңірлік жоспарлар әзірлеу және оларды іске асыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2010-2011 жылдар I тоқсан 2010-2011 жылдар IV тоқсан

Талап етілмейді


3

Отандық кәсіпорындарды халықаралық стандарттарды енгізуге нормативтік-құқықтық ынталандыруды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар

2010 жыл II тоқсан

Талап етілмейді


2. Менеджмент жүйелері және өнімнің бәсекеге қабілеттілігі саласында нормативтік және ақпараттық қамтамасыз ету

4

Сапа менеджменті жүйелерінің саласындағы мемлекеттік стандарттарды Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстар жоспарына сәйкес әзірлеу және бекіту

Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның бұйрығы

ИСМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, стандарттау жөніндегі ТК

2010-2011 жылдар IV тоқсан

001 бюджеттік бағдарлама бойынша көзделген қаражат шеңберінде және шегінде (ИСМ)

Республикалық бюджет

5

Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйыммен (ИСО) ынтымақтастықты қамтамасыз ету және «Сапаны басқару және сапаны қамтамасыз ету» ТК/ИС0 176 жұмысына қатысу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ

2010-2011 жылдар IV тоқсан

Талап етілмейді


3. Сапа менеджменті нысандары мен әдістерін жетілдіру

6

Шетелдік үлгідегі сәйкестікті растау саласындағы құжаттарды беретін шетелдік және халықаралық ұйымдарды Қазақстан Республикасында есептік тіркеу жөніндегі жұмысты жалғастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ

2010-2011 жылдар IV тоқсан

Талап етілмейді


4. Кадрлар даярлау

7

Менеджмент жүйелері бойынша мамандарды оқыту жөніндегі жұмысты жалғастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ

2010-2011 жылдар IV тоқсан

001 бюджеттік бағдарлама бойынша көзделген қаражат шеңберінде және шегінде (ИСМ)

Республикалық бюджет

5. Сапа менеджменті саласындағы ұйымдастыру іс-шаралары және насихаттау

8

Халықаралық стандарттарға сәйкес менеджмент жүйелерін енгізу мәселелері бойынша тұрақты жарияланымдар мен мақалалардың басылымға, Интернет-ресурстарға, сөйлеген сөздердің радиоға және телевидениеге шығуын ұйымдастыруды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2010-2011 жылдар IV тоқсан

001 бюджеттік бағдарлама бойынша көзделген қаражат шеңберінде және шегінде (ИСМ)


9

Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін менеджмент жүйелерін әзірлеуге, енгізуге және сертификаттауға талдау жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2010-2011 жылдар тоқсан сайын

Талап етілмейді


10

Менеджмент жүйесін енгізген және сертификаттаған өнеркәсіптік экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға талдау жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), СА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2010-2011 жылдар тоқсан сайын

Талап етілмейді


6. Салаларда мемлекеттік стандарттарды енгізу

11

Даму институттарының бизнес-жоспарларын әзірлеу, инвестициялық жобаларын іске асыру кезінде қолданыстағы стандарттардың талаптарын орындау міндеттемесін белгілейтін бөлім көздеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2010-2011 жылдар тоқсан сайын

Талап етілмейді


12

Әкімдіктерде стандарттау бойынша маманның штаттық бірлігін құруды көздеу (қазіргі бар штаттық саннан)

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2010-2011 жылдар I тоқсан

Талап етілмейді


13

Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстар жоспарына техникалық реттеу саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес ұсыныстар дайындау

ИСМ-ге тапсырыс

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2010-2011 жылдар II тоқсан

Талап етілмейді


14

Белгіленген форматқа сай стандарттау жөніндегі өңірлік жоспарларды бекіту

Бекітілген жоспар

ИСМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган (келісім бойынша)

2010-2011 жылдар IV тоқсан

Талап етілмейді


15

Салада қолданыстағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға, техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерге әзірлеу, өзгерту, қайта қарау (жаңарту), күшін жою мәніне талдау жүргізу

ИСМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2010-2011 жылдар I тоқсан

Талап етілмейді


16

Стандарттау жөніндегі өңірлік жоспарларды орындау туралы есептерді ұсыну

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2010-2011 жылдар IV тоқсан

Талап етілмейді


17

Тиісті салаға стандарттарды енгізу мәселелері бойынша Медиа-жоспар (мәжілістер, семинарлар, конференциялар, баспада ақпарат, жариялау және айдар күндері, Web-сайттарда ақпарат беру және радио және телевидениеде сөз сөйлеу) дайындау және оны орындау туралы есепті ұсыну

Бекітілген Медиа-жоспар Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2010-2011 жылдар I тоқсан 2010-2011 жылдар IV тоқсан

Талап етілмейді


18

Кәсіпорындарда стандарттарды енгізу бойынша салыстырмалы талдау жүргізу

Талдамалық анықтама, ИСМ-ге ұсыныс

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2010-2011 жылдар тоқсан сайын

Талап етілмейді


Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
СА -  Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі