Қазақстандық ұйымдардың халықаралық стандарттарға жедел көшуі жөніндегі 2008 - 2009 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Минисрінің 2008 жылғы 23 маусымдағы N 172-ө Өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 9 наурыздағы N 43-ө Өкімімен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2010.03.09 N 43-ө Өкімімен

      Қазақстан Республикасының экономикасы секторларының халықаралық стандарттарға көшуі мақсатында:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстандық ұйымдардың халықаралық стандарттарға жедел көшуі жөніндегі 2008 - 2009 жылдарға арналған жоспар (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары Жоспар іс-шараларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. "Қазақстандық кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға жедел көшуі жөніндегі жоспарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 27 маусымдағы N 175-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.

       Премьер-Министр                                     К.Мәсімов

                                           Қазақстан Республикасы
                                            Премьер-Министрінің
                                          2008 жылғы 23 маусымдағы
                                               N 172-ө өкімімен
                                                  бекітілген

      Қазақстандық ұйымдардың халықаралық стандарттарға
   жедел көшуі жөніндегі 2008 - 2009 жылдарға арналған жоспар

р/с
N

Іс-шараның атауы

Аяқталу
нысаны

Жауапты
орындау-
шылар

Орын-
далу
мерзі-
мі

Болжам-
ды шы-
ғыстар
(мың.
теңге)

Қаржы-
ланды-
ру
көзі

1

2

3

4

5

6

7

1. Халықаралық стандарттарға көшу жөніндегі мемлекеттік басқаруды жетілдіру

1.

Халықаралық
стандарттар
талаптарына
сәйкес келетін
менеджмент
жүйелерін енгізу
жөніндегі өңірлік
жоспарларды іске
асыруды
жалғастыру

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

ИСМ (жи-
нақтау),
Облыстар-
дың,
Астана
және
Алматы
қалалары-
ның әкім-
діктері

2008
жылғы
IV
тоқсан,
2009
жылғы
IV
тоқсан

Талап
етілмей-
ді


2.

Ғылыми-техноло-
гиялық даму
басымдықтары
бойынша ұжымдық
пайдаланудағы
ұлттық ғылыми
зертханаларды
әлемдік
стандарттағы
қазіргі заманғы
жабдықпен
жарақтандыру

Білім
және
ғылым
саласын-
дағы
уәкілетті
органның
бұйрығы

БҒМ

2008
жылғы
IV
тоқсан

2008 жыл
2 000
000,0

Рес-
публи-
калық
бюджет

3.

Ғылыми-техноло-
гиялық даму
басымдықтары
бойынша жоғары
оқу орындары
жанындағы инже-
нерлік бейінді
ғылыми зертхана-
ларды әлемдік
стандарттағы
қазіргі заманғы
жабдықпен
жарақтандыру

Білім
және
ғылым
саласын-
дағы
уәкілетті
органның
бұйрығы

БҒМ

2008
жылғы
IV
тоқсан

2008 жыл
1 000
000,0

Рес-
публи-
калық
бюджет

4.

GLР халықаралық
талаптарына
сәйкес келетін
ғылыми-зерттеу
қызметі менедж-
ментінің отандық
стандарттарын
енгізу

Білім
және
ғылым
саласын-
дағы
уәкілетті
органның
бұйрығы

БҒМ

2009
жылғы
IV
тоқсан

Талап
етілмей-
ді


2. Менеджмент жүйелері және өмірдің бәсекеге қаблеттілігі саласындағы нормативтік және ақпараттық қамтамасыз ету

5.

Медицина сияқты
салаларға тән
сапа мендежменті
жүйелері саласын-
да және халықара-
лық стандарттар
базасындағы
ақпараттық
технологиялар
саласында
мемлекеттік
стандарттар
қабылдау

Техника-
лық
реттеу
саласын-
дағы
уәкілетті
органның
бұйрығы

ИСМ
(жинақ-
тау),
ДСМ, АБА
(келісім
бойынша)

2008
жылдың
II
жарты
жылдығы

Талап
етілмей-
ді


6.

Қазақстан
Республикасында
менеджмент
жүйелерін дамыту
тұжырымдамасын
әзірлеу

Индустрия
және
сауда
министр-
лігінің
бұйрығы

ИСМ

2008
жылғы
III
тоқсан

Талап
етілмей-
ді


3. Сапа менеджментінің нысандары мен әдістерін жетілдіру

7.

Шетелдік үлгідегі
сәйкестікті
растау саласын-
дағы құжаттарды
берген шетелдік
және халықаралық
ұйымдарды
Қазақстан
Республикасында
есепке алып
тіркеу жөніндегі
жұмысты
жалғастыру

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

ИСМ

2008
жылғы
IV
тоқсан,
2009
жылғы
IV
тоқсан

Талап
етілмей-
ді


8.

Менеджмент
жүйелері саласын-
да шетелдік
ұйымдармен
ақпараттық
ынтымақтастықты
жүргізу

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

ИСМ

2008
жылғы
IV
тоқсан, 2009
жылғы
IV
тоқсан

Талап
етілмей-
ді


4. Кадрлар даярлау

9.

Республикалық
бюджет комиссия-
сының қарауына
халықаралық
деңгейдегі сарапшы-аудитор-
лар атағына
мамандарды
оқыту жөнінде
ұсыныстар енгізу

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

ИСМ

2008
жылғы
IV
тоқсан, 2009
жылғы
IV
тоқсан

2008 жыл
-
28 800,0
2009 жыл
-
30 200,0

Рес-
публи-
калық
бюджет

10.

Стандарттауды
және сапаны
басқаруды
зерделеуді орта
және жоғары білім
беру бағдарлама-
сына енгізу
жөнінде ұсыныстар
енгізу

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

ИСМ, БҒМ

2008
жылғы
IV
тоқсан

Талап
етілмей-
ді


5. Сапа менеджменті саласындағы ұйымдастыру іс-шаралары және насихат

11.

Халықаралық
стандарттарға
сәйкес менеджмент
жүйелерін енгізу
мәселелері жөнін-
де баспасөзде,
wеb-сайтта,
тұрақты жария-
ланымдар мен
айдарлар, радио
мен теледидарда
сөйлейтін сөздер-
ді ұйымдастыруды
қамтамасыз ету

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

Мүдделі
мемлекет-
тік
органдар,
облыстар-
дың,
Астана
және
Алматы
қалалары-
ның
әкімдік-
тері

2008
жылғы
IV
тоқсан, 2009
жылғы
IV
тоқсан

Талап
етілмей-
ді


12.

Халықаралық
стандарттарға
сәйкес келетін
менеджмент жүйе-
лерін әзірлеу,
енгізу және
сертификаттау
мониторингін
жүзеге асыру

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

ИСМ (жи-
нақтау),
облыстар-
дың,
Астана
және
Алматы
қалалары-
ның әкім-
діктері

2008 -
2009
жылдар,
тоқсан
сайын

Талап
етілмей-
ді


13.

Менеджмент
жүйелері енгізілген және
сертификатталған,
экспортқа
бағдарланған
өнеркәсіптік
кәсіпорындарға
талдау жүргізу

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

ИСМ (жи-
нақтау),
СА,
облыстар-
дың,
Астана
және
Алматы
қалалары-
ның әкім-
діктері

2008 -
2009
жылдар,
тоқсан
сайын

Талап
етілмей-
ді


         Ескертпе:  аббревиатураларды толық жазу:

      ИСМ     - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
                министрлігі
      БҒМ     - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      АБА     - Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс
                агенттігі
      ДСМ     - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
      СА      - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

      * Қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланатын болады.