ЭКСПО - 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге Астана қаласының қатысуын дайындау мәселелері жөнінде ұйымдастыру комитетін құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 19-ө Өкімі

Жаңартылған

      ЭКСПО - 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін (бұдан әрі - көрме) өткізу құқығына Астана қаласының қатысуына арналған Халықаралық Керме Бюросына өтінім дайындау мақсатында:
      1. Қоса беріліп отырған көрмені өткізуге Астана қаласының қатысуын дайындау мәселелері жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілсін.
      2. Ұйымдастыру комитеті жұмысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Е. Шөкеев 2009 жылы 13 қарашада бекіткен көрмені өткізуге Астана қаласының өтінімін жылжыту жөніндегі 2010-2012 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізсін.
      3. Ұйымдастыру комитетінің мәжілістері қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізілсін.
      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін.

      Премьер-Министр                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 8 ақпандағы
№ 19-өкімімен   
бекітілген     

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Құрамға өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 612 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

ЭКСПО - 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге
Астана қаласының қатысуын дайындау мәселелері жөніндегі
ұйымдастыру комитетінің құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚРҮкіметінің 2011.06.24 № 705 Қаулысымен.

Шөкеев                   - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы           бірінші орынбасары, төраға

Тасмағамбетов            - Астана қаласының әкімі,
Иманғали Нұрғалиұлы        төрағаның орынбасары

Жошыбаев                 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Рәпіл Сейітханұлы          министрлігінің жауапты хатшысы,
                           төрағаның орынбасары

Қазыбаев                 - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
Айдар Қалымтайұлы          және сауда министрлігі Сауда комитетінің
                           төрағасы, хатшы

Төлеуханов               - Қазақстан Республикасының
Дәурен Айтмұхаметұлы       Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының
                           орынбасары

Омаров                   - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Қайрат Ермекұлы            министрінің орынбасары

Василенко                - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Роман Юрьевич              істер министрлігі Халықаралық ақпарат
                           комитетінің төрағасы

Шеңгелбаев               - Қазақстан Республикасының Туризм және
Бақытжан Рақымұлы          спорт вице-министрі

Жақсылықов               - Қазақстан Республикасының Индустрия
Тимур Мекешұлы             және сауда вице-министрі

Кәкен                    - Қазақстан Республикасы Туризм және
Қарлығаш Ғазизқызы         спорт министрлігінің Туризм
                           индустриясы комитетінің төрайымы

Байбеков                 - Қазақстан Республикасы Экономика және
Мырзақасым Ниязбекұлы      бюджеттік жоспарлау министрлігі Экономика
                           салаларын дамыту департаментінің директоры

Құзғанова                - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Салтанат Диасқызы          даму және сауда министрлігі Сауда
                           комитеті сыртқы сауда басқармасының
                           бастығы

Қожағапанов              - Астана қаласы әкімінің орынбасары
Ерлан Тоқтарханұлы

Жүнісов                  - Астана қаласы Сәулет және қала
Сәрсенбек Ендібайұлы       құрылысы басқармасының бастығы

Тәйталиев                - «Астана қаласы бас жоспарының
Бақтыбай Халықұлы          ғылыми-зерттеу жобалау институты»
                           мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
                           директорының орынбасары

Қожасбай                 - Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп
Ерлан Сәдуақасұлы          палатасының президенті