ЭКСПО - 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін (бұдан әрі - көрме) өткізу құқығына Астана қаласының қатысуына арналған Халықаралық Керме Бюросына өтінім дайындау мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған көрмені өткізуге Астана қаласының қатысуын дайындау мәселелері жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілсін.
2. Ұйымдастыру комитеті жұмысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Е. Шөкеев 2009 жылы 13 қарашада бекіткен көрмені өткізуге Астана қаласының өтінімін жылжыту жөніндегі 2010-2012 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізсін.
3. Ұйымдастыру комитетінің мәжілістері қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізілсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 8 ақпандағы
№ 19-өкімімен
бекітілген
РҚАО-ның ескертпесі!
Құрамға өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 612 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
ЭКСПО - 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге
Астана қаласының қатысуын дайындау мәселелері жөніндегі
ұйымдастыру комитетінің құрамы
Шөкеев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы бірінші орынбасары, төраға
Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Әсет Өрентайұлы сауда министрі, төрағаның орынбасары
Тасмағамбетов - Астана қаласының әкімі,
Иманғали Нұрғалиұлы төрағаның орынбасары
Қазыбаев - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Айдар Қалымтайұлы сауда министрлігі Сауда комитетінің
төрағасы, хатшы
Төлеуханов - Қазақстан Республикасының
Дәурен Айтмұхаметұлы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының
орынбасары
Омаров - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Қайрат Ермекұлы министрінің орынбасары
Жақсылықов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Тимур Мекешұлы және сауда вице-министрі
Өскенбаев - Қазақстан Республикасының
Қайырбек Айтбайұлы Туризм және спорт вице-министрі
Василенко - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Роман Юрьевич істер министрлігі Халықаралық ақпарат
комитетінің төрағасы
Байбеков - Қазақстан Республикасы Экономика және
Мырзақасым Ниязбекұлы бюджеттік жоспарлау министрлігі Экономика
салаларын дамыту департаментінің директоры
Қожағапанов - Астана қаласы әкімінің орынбасары
Ерлан Тоқтарханұлы
Қадырбекова - Қазақстан Республикасы Индустрия
Майра Күзембайқызы және сауда министрлігінің Сауда комитеті
экспортқа жәрдемдесу басқармасының бастығы
Жүнісов - Астана қаласы Сәулет және қала
Сәрсенбек Ендібайұлы құрылысы басқармасының бастығы
Тәйталиев - «Астана қаласы бас жоспарының
Бақтыбай Халықұлы ғылыми-зерттеу жобалау институты»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
директорының орынбасары
Қожасбай - Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп
Ерлан Сәдуақасұлы палатасының президенті