Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 29 қыркүйектегі N 4612 тапсырмасын орындау үшін, сондай-ақ құқық қорғау және сот жүйелерін жаңғырту жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Мәсімов - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі,
Кәрім Қажымқанұлы жетекші
Әлімбеков - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Мұсабек Тұрғынбекұлы Төрағасы (келісім бойынша)
Тәжин - Қазақстан Республикасы Президентінің
Марат Мұханбетқазыұлы көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы
(келісім бойынша)
Донақов - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі
Талғат Советбекұлы Басшысының орынбасары (келісім бойынша)
Мәми - Қазақстан Республикасының Бас прокуроры
Қайрат Әбдіразақұлы (келісім бойынша)
Түсіпбеков - Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Рашид Төлеутайұлы
2. Жұмыс тобының жұмыс органы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі болып белгіленсін.
3. Жұмыс тобы құқық қорғау және сот жүйелерін жаңғырту жөніндегі ұсыныстарды Әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов