Құқық қорғау және сот жүйелерін жаңғырту жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 27 қазандағы N 151-ө Өкімі

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 29 қыркүйектегі N 4612 тапсырмасын орындау үшін, сондай-ақ құқық қорғау және сот жүйелерін жаңғырту жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Мәсімов                - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі,
Кәрім Қажымқанұлы        жетекші

Бекназаров             - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Бектас Әбдіханұлы        Төрағасы (келісім бойынша)

Тәжин                  - Қазақстан Республикасы Президентінің
Марат Мұханбетқазыұлы    көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы
                         (келісім бойынша)

Донақов                - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі
Талғат Советбекұлы       Басшысының орынбасары (келісім бойынша)

Дауылбаев              - Қазақстан Республикасының Бас прокуроры
Асхат Қайзоллаұлы        (келісім бойынша)

Түсіпбеков             - Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Рашид Төлеутайұлы

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2011.05.25 № 84-ө Өкімімен.

      2. Жұмыс тобының жұмыс органы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі болып белгіленсін.
      3. Жұмыс тобы құқық қорғау және сот жүйелерін жаңғырту жөніндегі ұсыныстарды Әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізсін.

      Премьер-Министр                                    К. Мәсімов