Ішкі және сыртқы нарықтарда азық-түлік тауарларына баға бойынша ахуалдың мониторингі, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі нарықты қорғау және азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 11 қаңтардағы N 6-ө Өкімі

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2009.08.13. N 116-ө Өкімімен.

      Ішкі және сыртқы нарықтарда азық-түлік тауарларына баға бойынша ахуалдың мониторингін жүргізу, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі нарықты қорғау және азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2009.08.13. N 116-ө Өкімімен.

      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Әбдірахымов             - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Ғабидолла Рахметоллаұлы   қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы
                          агенттік) төрағасы, жетекші

Өмірияев                - Қазақстан Республикасының Ауыл
Мүслім Тайырұлы           шаруашылығы вице-министрі, жетекшінің
                          орынбасары

Әбсаттарова             - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Маржан Несіпбекқызы       қорғау агенттігі (Монополияға қарсы
                          агенттік) Тауар нарықтарының мониторингі
                          және талдау департаментінің директоры,
                          хатшы

Әлімқұлов               - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Еркеғали Амантайұлы       қорғау агенттігі (Монополияға қарсы
                          агенттік) төрағасының орынбасары

Әбілқасымов             - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Алмаз Ерасылұлы           қорғау агенттігі (Монополияға қарсы
                          агенттік) Көлік, байланыс және
                          агроөнеркәсіп кешенін талдау
                          департаментінің директоры

Жақсалиев               - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Бақытжан Мұхамбетқалиұлы  жаңа технологиялар вице-министрі

Жарқынбаев              - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
Жасер Әзімханұлы          төрағасының орынбасары

Жақсылықов              - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Тимур Мекешұлы            даму және сауда вице-министрі

Шкарупа                 - Қазақстан Республикасы Табиғи
Анатолий Вальерьевич      монополияларды реттеу агенттігі төрағасының
                          орынбасары

Қазыбаев                - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
Айдар Қалымтайұлы         және сауда министрлігі Сауда комитетінің
                          төрағасы

Нұршаев                 - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
Марат Аманжолұлы          министрлігі Мемлекеттік материалдық
                          резервтер комитеті төрағасының орынбасары

Сәтбаев                 - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Рыскелді Ахметқалиұлы     технологиялар министрлігі Техникалық реттеу
                          және метрология комитетінің төрағасы

Бақтыбаев               - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
Жанарбек Төлеубекұлы      министрлiгiнің Әкiмшiлiк полиция
                          комитетi төрағасының орынбасары

Әшіханов                - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Нұржан Әмірғожаұлы        Кедендік бақылау комитеті төрағасының
                          орынбасары

Қыпшақов                - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Арғын Мықтыбайұлы         Салық комитеті төрағасының орынбасары

Бекжанов                - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк
Серік Рахметжанұлы        комитетi Шекара қызметi директорының
                          орынбасары (келiсiм бойынша)

Дворецкий               - «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық
Владимир Яковлевич        партиясының Қазақстан Республикасының
                          Үкіметіндегі ресми өкілі (келісім бойынша)

Дүйсебаев               - Қазақстан Астық одағының атқарушы директоры
Мұхамеджан Жұмабекұлы     (келісім бойынша)

Ган                     - Қазақстан астық өндірушілері мен нан
Евгений Альбертович       пісірушілер одағының президенті (келісім
                          бойынша)

Палташева               - Қазақстан кәсіпкерлері форумының атқарушы
Манавар Тұрсынқызы        директоры (келісім бойынша)

Попелюшко               - Қазақстан тағам және қайта өңдеу
Анатолий Висханович       өнеркәсібінің тауар өндірушілер одағының
                          президенті (келісім бойынша)

Қайыржанова             - Қазақстанның сауда кәсіпорындары
Ботагөз Ержанқызы         қауымдастығы директорының орынбасары
                          (келісім бойынша)

Қуанғанова              - Қазақстан кәсіпкерлері форумы атқарушы
Гүлнар Шаймұратқызы       директорының орынбасары (келісім бойынша)

Ахмеджанова             - «ҚазАгроМаркетинг» акционерлік қоғамының
Айгүл Төлеуғазықызы       Басқарма төрайымы (келісім бойынша)

Мәмбеталин              - «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық
Әлихан Есенғосұлы         экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
                          бірлестігінің басқарма төрағасының
                          орынбасары (келісім бойынша)

Сатиев                  - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық
Серік Аманжолұлы          партиясының Инновация комитеті
                          инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі
                          (келiсiм бойынша)
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.04 № 911 Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2012.05.18 104-ө Өкімімен.

      2. Жұмыс тобы ішкі және сыртқы нарықтарда азық-түлік тауарларына баға бойынша ахуалдың күн сайынғы мониторингін жүргізсін, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі нарықты қорғау және азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2009.08.13. N 116-ө Өкімімен.
      3. "Азық-түлік тауарларының жекелеген топтарына бағалар бойынша ахуалдың мониторинг жөнінде жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 18 қазандағы N 305-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.

      Премьер-Министр