Ішкі және сыртқы нарықтарда азық-түлік тауарларына баға бойынша ахуалдың мониторингі, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 11 қаңтардағы N 6-ө Өкімі

Жаңартылған

      Ішкі және сыртқы нарықтарда азық-түлік тауарларына баға бойынша ахуалдың мониторингін жүргізу, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Жұмыс тобы мынадай құрамда құрылсын:

Есімов                - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ахметжан Смағұлұлы      шаруашылығы министрі, жетекші

Бишімбаев             - Қазақстан Республикасының
Қуандық Уәлиханұлы      Индустрия және сауда вице-министрі,
                        жетекшінің орынбасары

Құсайынова            - Қазақстан Республикасы Ауыл
Айна Біржанқызы         шаруашылығы министрлігі Қайта
                        өңдеу өнеркәсібін дамыту және
                        Дүниежүзілік сауда ұйымы жөніндегі
                        департаментінің директоры

Шпекбаев              - Қазақстан Республикасының
Алик Жатқамбайұлы       Ішкі істер вице-министрі

Тұрғанов              - Қазақстан Республикасының
Дүйсенбай Нұрбайұлы     Энергетика және минералдық
                        ресурстар министрі

Құсайынов             - Қазақстан Республикасының
Марат Әпсеметұлы        Экономика және бюджеттік жоспарлау
                        вице-министрі

Ерғожин               - Қазақстан Республикасының
Дәулет Еділұлы          Қаржы вице-министрі

Алдабергенов          - Қазақстан Республикасы Табиғи
Нұрлан Шәдібекұлы       монополияларды реттеу агенттігінің
                        төрағасы

Мешімбаева            - Қазақстан Республикасы Статистика
Анар Ертілеуқызы        агенттігінің төрайымы

Рахметов              - Қазақстан Республикасы Қаржы
Нұрлан Құсайынұлы       министрлігі Салық комитетінің
                        төрағасы

Кәрбозов              - Қазақстан Республикасы Қаржы
Қозы-Көрпеш Жапарханұлы министрлігі Кедендік бақылау
                        комитетінің төрағасы

Есенбаев              - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Мәжит Төлеубекұлы       қорғау жөніндегі агенттігінің төрағасы
                        енгізілсін

Қазыбаев              - Қазақстан Республикасы
Айдар Қалымтайұлы       Индустрия және сауда министрлігі
                        Сауда қызметін реттеу комитетінің
                        төрағасы

Байқошқаров           - Қазақстан Республикасы Төтенше
Нұрмұхамед Берденұлы    жағдайлар министрлігі Мемлекеттік
                        материалдық резервтер комитетінің
                        төрағасы

Қалиев                - "ҚазАгроМаркетинг" акционерлік
Дархан Жаңбыршыұлы      қоғамының басқарма төрағасы
                        (келісім бойынша)

      2. Жұмыс тобы ішкі және сыртқы нарықтарда азық-түлік тауарларына баға бойынша ахуалдың күн сайынғы мониторингін жүргізсін, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      3. "Азық-түлік тауарларының жекелеген топтарына бағалар бойынша ахуалдың мониторинг жөнінде жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 18 қазандағы N 305-ө  өкімінің  күші жойылды деп танылсын.

       Премьер-Министр