Ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық цифрлық қол қою саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 14 тамыздағы N 173-ө өкімі

Қолданыстағы

      1. Қоса беріліп отырған ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық цифрлық қол қою саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының Үкіметі нормативтік құқықтық кесімдерінің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

      2. Мемлекеттік органдар Тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.

      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері екі айлық мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыруға тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдер қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Үкіметті хабардар етсін.

      Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2003 жылғы 14 тамыздағы
N 173 өкімімен   
бекітілді      

Ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық
цифрлық қол қою саласындағы Қазақстан Республикасының
заңнамалық кесімдерін іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының
Үкіметі кесімдерінің тізбесі

___________________________________________________________________
р/с| Заңнамалық |    Қазақстан        |  Жауапты    |  Орындалу
N  | кесімнің   |  Республикасы       |мемлекеттік  |   мерзімі
   |  атауы     |Үкіметінің кесімімен |  органдар   |
   |            |  реттелуі тиіс      |             |
   |            |    қатынастар       |             |
___________________________________________________________________
1  "Электрондық  1) мемлекеттік орган.   МАҚМ, АБА,   2003 жылғы
   құжат және    дардың электрондық       ПМК,        15 қыркүйек
   электрондық   құжат айналымының
   цифрлық қол.  тәртібі мен
   таңба туралы" шарттары;
   Қазақстан
   Республикасы.
   ның 2003
   жылғы 7
   қаңтардағы
   Заңы          
                 2) электрондық цифрлық  АБА, ҚМ      2003 жылғы
                 қол қою ашық кілтінің                22 қыркүйек
                 сәйкестігін куәландыру,
                 тіркеу куәліктерінің
                 шынайылығын растау
                 жөніндегі қызметке
                 қойылатын біліктілік
                 талаптары;

                 3) лицензиялау
                 нысаны;

                 4) жекелеген қызмет
                 түрлерімен айналысу
                 құқығына лицензиялық
                 алым ставкаларының
                 мөлшерін айқындау

2. "Ақпараттан.  1) ақпараттандыру       АБА,         2003 жылғы
   дыру туралы"  саласындағы ұлттық      ТМРБҚ        22 қыркүйек
   Қазақстан     операторды және         (келісім
   Республика.   оның өкілеттігін        бойынша)
   сының 2003    айқындау;
   жылғы 8
   мамырдағы
   Заңы           2) мемлекеттік          АБА          2003 жылғы
                 ақпараттық                           22 қыркүйек
                 ресурстарды
                 пайдалану тәртібі;

                 3) Мемлекеттік          АБА, МАҚМ,   2003 жылғы
                 ақпараттық              ПМК          22 қыркүйек
                 ресурстарды
                 қалыптастыру үшін
                 міндетті түрде
                 берілетін
                 құжаттандырылған
                 ақпарат пен
                 электрондық құжаттар
                 түрлерінің тізбесі
___________________________________________________________________