Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2001 жылғы 2 шілдедегі N 51 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 3 маусымдағы N 115-ө өкімі. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2004.12.30. N 383 өкімімен.

Күшін жойған

      "Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2001 жылғы 2 шілдедегі N 51  өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының Үкіметі кесімдерінің тізбесінде:
      "Үкімет кесіммен реттелуге тиісті қатынастар" деген бағанның реттік нөмірі 14-жолының бірінші абзацы және реттік нөмірі 17-жолының сегізінші абзацы алынып тасталсын.

       Премьер-Министр