Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2001 жылғы 2 шілдедегі N 51 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 3 маусымдағы N 115-ө өкімі

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2001 жылғы 2 шілдедегі N 51 өкіміне  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының Үкіметі кесімдерінің тізбесінде:
      "Үкімет кесіммен реттелуге тиісті қатынастар" деген бағанның реттік нөмірі 14-жолының бірінші абзацы және реттік нөмірі 17-жолының сегізінші абзацы алынып тасталсын.

      Премьер-Министр