Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 2001 жылғы 8 қазан N 80-ө

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды одан әрі жетілдіру, оны дамытудың негізгі бағыттарын айқындау мақсатында:
      Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасының Экономика және сауда, Әділет министрліктерімен бірлесіп, 2002 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде Тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды жетілдірудің 2002-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін; <*>
      Ескерту. 3-абзац өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.01.14. N 1 өкімімен.
               R020001_
      Қазақстан Республикасының Әділет, Экономика және сауда, Еңбек және

халықты әлеуметтік қорғау министрліктерімен, облыстардың, Астана және 
Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2002 жылғы 1 мамырға дейінгі 
мерзімде "Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелерін 
реттейтін кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 
Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлесін және Қазақстан 
Республикасының Үкіметіне енгізсін. 
     
     Премьер-Министр
     
     

Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.