Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі белгіленген тәртіппен:
Қазақстан Республикасының Экономика және сауда, Әділет министрліктерімен бірлесіп, 2001 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде Тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды жетілдірудің 2002-2005 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
Қазақстан Республикасының Әділет, Экономика және сауда, Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрліктерімен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2002 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде "Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелерін реттейтін кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін. Премьер-Министр Мамандар: Багарова Ж.А., Қасымбеков Б.А.