Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенциядан туындайтын Қазақстан Республикасының міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсан N 1994 қаулысы

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда түрлері туралы конвенция (бұдан әрі - Конвенция) бойынша Қазақстан Республикасындағы әкімшілік орган болып тағайындалсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.01.2015 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі депозитарийді - Швейцария Конференциялық Үкіметін Қазақстан Республикасында Әкімшілік органның тағайындалғаны туралы хабардар етсін.
      3. Конвенция бойынша міндеттемелерді орындау үшін:
      1) жануарлардың жер бетіндегі түрлері мен құстар мәселелері бойынша – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Зоология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
      2) балық және басқа да су жануарлары мәселелері бойынша – «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғылыми ұйымдар болып бекітілсін.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.08.2013 N 825 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі