Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай
өзгерістер енгізілсін:
1) "Ақмола облысының облыстық орталығын Көкшетау қаласына көшіру
жөніндегі шараларды қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 21 мамырдағы N 604
қаулысына:
1-тармақта:
"303900" деген сандар "247900" деген сандармен ауыстырылсын;
"44300" деген сандар "2763" деген сандармен ауыстырылсын;
"170700" деген сандар "71000" деген сандармен ауыстырылсын;
"70000" деген сандар "155237" деген сандармен ауыстырылсын.
2)
Ескерту. 1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің
2000.03.07. N 364 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
Ақмола облысының әкіміне Көкшетау қаласын көркейту үшін 1999 жылға
арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждар
үшін көзделген қаражат есебінен 56 (елу алты) миллион теңге бөлсін;
бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Ақмола облысының әкімі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына
бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.