Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 2000 жылғы 7 наурыз N 364

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. 1999 жылғы 15 қыркүйекте София қаласында жасалған Қазақстан

Республикасының Үкіметі мен Болгария Республикасының Үкіметі арасындағы

стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы ынтымақтастық

туралы келісім бекітілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                Қазақстан Республикасының Үкіметі мен

             Болгария Республикасының Үкіметі арасындағы

       стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы

                      ынтымақтастық жөніндегі

                              Келісім


       (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 5, 54-құжат)

    (Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,

           Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 81 бет)


     Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі

мен Болгария Республикасының Үкіметі,


 
       экономика және сауда қатынасындағы техникалық тосқауылдарды жою мақсатымен, сыйысушылығын қамтамасыз ету, өнімнің өзара алмасуын, оның өмірге, денсаулыққа және тұрғындар мүлкіне қауіпсіздігін, төңіректегі ортаны қолдауға;
      стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы ынтымақтасуды дамыту мақсатымен, халықаралық ұйымдардың осы саладағы қабылданған қалып пен көзқарасына сүйене отырып;
      төмендегідейге келісті:
 
                           1 Бап
 
      Тараптар осы Келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасында қолданылып жүрген заңдарды басшылыққа алуға, екі мемлекет мүддесіне зиян келтірмеуге тиіс.
 
                           2 Бап
 
      Тараптар стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы ынтымақтастықты мынадай жолмен дамытады:
      өзара жеткізілетін өнімнің нормативтік құжаттарының үйлесімділігі жөніндегі бірлескен жұмыстарды жүргізу;
      келісілген жағдайда стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі нормативтік және анықтамалық құжаттарды өзара тану;
      бір деңгейдегі өлшеудің физикалық шама бірлігі эталондарын салыстыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу, мемлекеттік сынақ жүргізуге, өлшеу құралдарын салыстырып тексеруге, бірлескен метрологиялық және сынақ орталықтарын құруға метрологиялық қызмет көрсету;
      келісілген тәртіпте салыстырып тексеруге, сынақ және калибрлеу лабораторияларына, орталықтарға тіркеу жүргізетін Талаптардың ұйымдарын, сондай-ақ осы ұйымдар аккредиттелген өзара келісілген процедуралар бойынша өлшеу құралдарына сынақты, салыстырып тексеруді және калибрлеуді іске асыратын лабораториялар мен орталықтарды өзара тану;
      келісілген тәртіпте сертификаттау жөніндегі органдарды, сынақ

 

лабораториялары мен орталықтарды, сондай-ақ өзара жеткізілген өнімдердің

сәйкестік сертификаттарын және белгілерін өзара тану.

                        3 Бап

     Тараптар өзара жеткізілген өнімге, солардың қолданысындағы

нормативтік құжаттарға және тауарлардың сертификат сәйкестігі үлгілерінің

нормативтік құжаттарына келісілген тізбе белгілейді, және осы туралы өз

Кеден органдарына хабарлайды.

                        4 Бап

     Тараптар кадрларды жоғарылатуға және даярлауға, мамандарды

алмастыруға, кәсіпорындар, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдар арасында тікелей

байланыс орнатуға, және осы үшін қолайлы жағдайды жасауға әрекеттенеді.


                        5 Бап


     Осы Келісімде көзделген үйлестіру жұмыстары және оларды іске асыру

жауапкершілігі:


 
       Қазақстан Республикасында - Энергетика, индустрия және сауда

 

министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі

комитетіне;

     Болгария Республикасында - Стандарттау және метрология жөніндегі

комитетіне жүктеледі.


                         6 Бап


     Ынтымақтастық Осы Келісімнің 2 бабында көзделген бағытта бірлескен

Бағдарламалар негізінде жүзеге асатын болатын.

     Тараптар керек жағдайда осы Келісімнің ережесін жүзеге асыру үшін

бірлескен жұмыс тобын құрады.


                          7 Бап


     Осы Келісім шеңберінде алынған ақпарат, осы ақпаратты берген Тараптың

келісімінен кейін, үшінші мемлекетке берілуі мүмкін.


                         8 Бап


     Осы Келісім басқа халықаралық шарттарға сәйкес Тараптар қабылдаған

құқықтар мен міндеттемелерге әсерін тигізбейді.


 
       Осы келісімді талқылауға және орындауға байланысты барлық даулы

 

мәселелер өзара консультациялар мен келіссөздер жолымен шешіледі.


                         9 Бап


     Осы Келісім 5 (бес) жыл мерзімге жасалады және қол қойылған күннен

бастап күшіне енеді.

     Әр тарап өз пікірін басқа Тарапқа жазбаша түрде хабарлап осы

Келісімнің күшін жоя алады. Басқа Тарап осы туралы ақпаратты алған күннен

кейінгі 6 айда Келісім күшін жояды.


     София қаласы 1999 жылы 15 қыркүйекте екі түпнұсқа данадан, әрқайсысы

қазақ, орыс және болгар тілдерінде, сондай-ақ барлық мәтіннің де күші

бірдей.

     Осы Келісімде өзгешелік болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі

мәтінге сүйенеді.


     Қазақстан Республикасының       Болгария Республикасының

         Үкіметі үшін                     Үкіметі үшін



    Мамандар:

      Қобдалиева Н.М.

      Орынбекова Д.К.