2000 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жаппай таралатын зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 23 желтоқсан N 1963

Қолданыстағы

      Пестицидтерді сатып алуды уақытылы қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы дақылдарының жаппай таралатын зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "1999 жылғы егіннің астығын мемлекеттік сатып алудың, оның есебін жүргізудің, сақтаудың және сатудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі N 1303 P991303_ қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақтағы "61 000 000" (алпыс бір миллион) АҚШ доллары сомасына 870 000 (сегіз жүз жетпіс мың) тоннаға дейін" деген сөздер "43 854 000 (қырық үш миллион сегіз жүз елу төрт мың) АҚШ доллары сомасына 627 000 (алты жүз жиырма жеті мың) тоннаға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен уақытша бос ақшаны "ҚазАгроҚаржы" жабық акционерлік қоғамының арнаулы шотынан мына мақсаттарға:
 
            ауыл шаруашылығы дақылдарының жаппай зиянкестерімен және ауруларымен күреске қайтарымсыз негізде 5 000 000 (бес миллион) АҚШ доллары.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.10. N 548
               қаулысымен. P000548_
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.09.27. N 1455
               қаулысымен. P001455_
 
      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

 

пестицидтерді уақытылы сатып алуды және ауыл шаруашылығы дақылдарының

жаппай таралатын зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі қажетті

іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.