Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған көлік құралдары мен мүлікке қажеттілік нормативтерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 20 желтоқсан N 1944

Қолданыстағы
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуірдегі N 2235 Z952235_ Заңының 126, 131-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған

көлік құралдары мен мүлікке қажеттілік нормативтері бекітілсін.
     2. Бірыңғай жер салығын төлеушілердің мүлікке қажеттілік нормативі 
өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және өңдеу процесінде 
тікелей пайдаланылатын меншік, сенімгерлік басқару, шаруашылықты жүргізу 
немесе жедел басқару құқығындағы мүлікті қамтиды деп белгіленсін.
     3. Осы қаулы жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
                                 Қазақстан Республикасы
                                 Үкіметінің
                                 1999 жылғы 20 желтоқсандағы
                                 N 1944 қаулысымен бекітілген
     
     Бірыңғай жер салығын төлеушілердің көлік құралдары
             мен мүлікке қажеттілік нормативтері
     
     Бір шаруа (фермерлік) қожалығының көлік құралдарына қажеттілік 
нормативтеріне шаруашылыққа меншік, сенімгерлік басқару шаруашылықты 
жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі мыналар жатады:
     1) бір жеңіл автомобиль;
     2) өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, қайта өңдеу, сақтау және 
сату процесінде тікелей пайдаланылатын, двигательдерінің жиынтық қуаты 
1000 га шабындыққа 1000 кВт мөлшерінде келетін жүк автомобильдері
     
     
     Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.