1. "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 P990569_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 18, 197-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 1999 жылға арналған республикалық бюджетке кредиторлық берешекті өтеудің тәртібі туралы ережеде: 37-тармақтағы "негіздемелер жеткілікті болған" деген сөздер "тапсырылған құжаттар осы Ереженің 10-36-тармақтарында жазылған талаптарға сәйкес келген" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.