Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N
569
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 18, 197-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 1999 жылға арналған республикалық бюджетке кредиторлық берешекті өтеудің тәртібі туралы ережеде:
37-тармақтағы "негіздемелер жеткілікті болған" деген сөздер "тапсырылған құжаттар осы Ереженің 10-36-тармақтарында жазылған талаптарға сәйкес келген" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі